Академия қызметкерлері субөңірлік онлайн консультацияға қатысты

  Үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының ғылыми қызметкерлері ЮНЕСКО-ның DVV International-мен серіктестікте өткізген Орталық Азия мен Иранда ересектерге білім беру бойынша халықаралық конференция (КОНФИНТЕА) шеңберіндегі субөңірлік онлайн консультацияға қатысты. 

  Білім беру министрлері, жастар мен ересектерді оқыту және білім беру саласы (ALE) сарапшылары мен мамандары әлем бойынша жастар мен ересектерді оқыту және білім беру саласындағы (ALE) негізгі жалпы мәселелермен, инновациялармен және келешектегі стратегиялармен бөлісті. Әртүрлі елдердің өкілдері ересектерге білім берудің ағымдық жағдайын белгіледі, ағымдық және болашақтағы мәселелерді анықтады, инновациялық практикамен таныстырды және серіктестік үшін жалпы мәселелер, мақсаттар мен мүмкіндіктерді талқылады.

  Осы кездесудің материалдары субөңірлік деңгейде нақты қажеттіліктер, тәжірибелер мен көзқарастарды есепке ала отырып, ересектерге білім беру бойынша жаңартылған саясаттар мен әрекеттер үшін негізгі сын-қатерлер, мүмкіндіктер мен ұсынымдар бойынша субөңірлік есепке кіреді. Бұл есеп  2022 жылы КОНФИНТЕА VII алдындағы жергілікті конференцияға талқылау мен ұсыным үшін негіз болады.



Бөлісу: