Ұлы даланың ұлы перзенті – әл-Фараби Әл-Фараби

Ұлы даланың ұлы перзенті – әл-Фараби Әл-Фараби
жеке
блог

Ұлы даланың ұлы перзенті – әл-Фараби

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  филология факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы, Ресей халықтар достығы университетінің Шет тілдер институты, сондай-ақ Стамбул университетіндегі әл-Фараби атындағы Еуразия зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің  1150 жылдыға арналған халықаралық әлеуметтік тәрбие жобасы ұйымдастырылды.

Əл-Фараби Бүкіл Азия мен Қазақстанның ежелгі жəне ортағасырлық өркениеті дамуының жемісі болып қана қойған жоқ. Оның әлемтану ғылымындағы маңызы зор шығармашылығында Мысыр, Сирия, Иран, Ирак, Солтүстік Африка халықтарының мəдениеті мен ғылыми жетістіктері баяндалған. Фараби антикалық əлемде жасалған барлық туындылардың ұлы мұрагері болды. Аристотельдің шығармаларымен жетік танысып, келесі ұрпаққа жетізушісі бола білген данышпанға жұрт екінші Аристотель деп теңдесіз баға берген. Халықтың ықыласына бөленген ғылымның барлық саласын қамтыған энциклопедиялық еңбектерімен шығыстың данышпаны ғана емес, әлем мойындаған ұлы энциклопедист болды.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында өткізілген осы жобаның басты мақсаты – ғалымның шығармашылығы аясында әртүрлі елдердің жас буын өкілдерін біріктіру. Жобаның модераторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Мәдиева әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына тереңінен тоқталып, терең ойлы афоризмдерінен үзінді келтірді. Ресей халықтар достығы университетінің студенттері  Дарья Антипова, Вадим Колобов, Стамбул университетінен Кадир Юджел, Абдуллах Кескин әл-Фарабидің шығармаларынан үзінді оқып, Түркіменстандық  талантты студенттер Арслан Жумалаков, Гулустан Гуртгелдиева, Қытайдан келген студент Чэнь Сяо, Қазақстаннан Абдрахманова Наргиз, Абдуллаева Гюлистан әл-Фараби шығармаларын тебірене оқып, көпшілікке терең ой салды. Жобаның қорытындысында серіктес университеттердің өкілдерінен Ресей халықтар достығы университетінің шет тілдер институты директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Безрукова Наталья Яковлевна, сондай-ақ  ф.ғ.к., доцент Сапашев Ораз Сапашұлы өз лебіздерін білдірді. Әлем студенттерін біріктірген Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған халықаралық жоба жоғары деңгейде өтіп, студенттерге мол рухани азық берді.

 

 

Ф.ғ.д., профессор Г.Б. Мадиева

ҚазҰУ магистарнты Д.А. Садық