ЛӘЗЗАТ МАХАМБЕТҚЫЗЫ СТУДЕНТТЕРІМЕН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗДІ

ЛӘЗЗАТ МАХАМБЕТҚЫЗЫ СТУДЕНТТЕРІМЕН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗДІ
жеке
блог

«100 кітап» жобасы аясында 18 ақпан күні Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» атты романымен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара Әбдіжәміл Нұрпейісовпен танысудан басталды. Тұсаукесерден кейін ақынның «Қан мен тер» романында жалпы не туралы сомдағаны туралы студенттермен пікір талас өтті. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың жазылған романын ерекше баяндап, қалай суреттегені туралы баяндамалар ұсынылды, бейнематериал көрсетілді. Кураторлық сабақ барысында студенттермен ақынның шығармашылығына арналған пікірлерді оқыды. Студенттер Нұрпейісов романы ұлттық характердің тұтас сілемін жасауымен құнды. 1916-1918 жылдардағы халық қозғалысын әлеуметтік-психологиялық тәсілмен суреттейтін, өрістетілген ішкі монологке құрылған бұл роман нағыз заман эпосы екенін түсінді. Іс-шара соңында оқытушы Л.М. Баратова қорытынды сөзімен аяқталып, естелік суретке түсті.