жеке
блог

Ұлттық архив қоры белгілі түркітанушы Алтай Аманжолов Сәрсенұлыны

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві елімізге танымал түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Қоғамдық ғылым академиясының толық мүшесі, тіл білімінің негізін салушы Сәрсен Аманжоловтың  ұлы  Алтай Аманжолов Сәрсенұлының жеке тектік қоры ғылыми құжаттарымен толықтырылды.

Алтай Аманжолов 1934 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1952 жылы Алтай Аманжолов М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтына түсіп, оны тәмамдаған соң 1957 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым академиясы жүйесінің жұмысына кірісті. 1963 жылы көне түркі жазу ескерткіштерінің тіліне арналған кандидаттық диссертацияны, ал 1975 жылы - «Көне түркі жазуының тарихы бойынша метериалдар мен зерттеулер» атты докторлық диссертациясын қорғады, ол оның ғылыми еңбегі мен көпжылғы ізденістерінің нәтижесі болып табылады.

1979 жылдан бері Алтай Аманжоловтың еңбек жолы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен байланысты, мұнда ол «Түркі филологиясына кіріспе», «Көне түркі тілі», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Жалпы тіл білімі», «Графикалық лингвистика» сияқты бірқатар теориялық курстарды жасақтап, дәріс берген.  Оларды заманауи ғылыми проблематика, мазмұндаманың айқындылығы мен сенімді аргументтеу ерекшелендіруде.  Шетелде жарияланған көптеген жұмыстардың авторы Алтай Сәрсенұлы бүкіл әлемнің түркітанушыларының арасында кеңінен танымал болды. Оның Қытай және Түркияда басылып шыққан «Бабалар сөзі» және «Жалпы асыл мұра» туындылары әрбір түркітанушының күнделікті қолданатын кітаптары болып табылады.

Айта кетері, 2015 жылы түркітанушы Алтай Аманжолов Сәрсенұлының құжаттарын жұбайы Бибіайша Қазақбаева Қалилаевнаның ұсыныс  негізінде қабылданған болатын.  Қосымша қабылданған құжаттарының құрамы ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдаланылған материалдар, тастағы жазулардың фотосуреттері,  қолжазбалары, мақалалары, пікірлері, кітаптары түпнұсқа күйінде тапсырылған.

Алтай Сәрсенұлы Аманжоловтың жеке тектік қорындағы құжаттарынан  болашақ түркітанушылар, тарихшылар, тіл саласын зерттеуші ғалымдар, студенттер үшін құнды деректер таба алады.

Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы
тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,

Максымканова Айханым Ханайевна
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD  докторанты

Ең қызықты блогтар

БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша
Ж.Баласағұни пәслапасы. «Құтты білік» - құт қону концепті

Жұлдызды блогтар