Ауызша аударма психологиясы

Ауызша аударма психологиясы
жеке
блог

Ауызша аударма ұғымы ауызша хабарламаны бір тілден екінші тілге ауызша(дыбыстық немесе ымдау) беруді көздейтін кәсіби аударманың түрлерін қамтиды. Екі тіл мен екі мәдениеттің аясында жүретін ауызша аудармашының ерекше ақыл-ой әрекеті психологиялық және психолингвистикалық тәсілдер аясында сипатталуы мүмкін.

Бірқатар психологтардың пікірінше, ауызша аудармада зейін, қабылдау, ықтималды болжау, есте сақтау, ойлау психологиялық механизмдер алдыңғы қатарға қойылады.

Зейін кез-келген іс-әрекеттің міндетті психологиялық шарты болып табылады. Жалпы зейін дегеніміз кейбір заттар мен құбылыстарды бір уақытта бейнелеумен қатар басқалардға мән бермеу. Ал ауызша аударма кезінде бірінші кезекте аудармашының назарын аударатын объектіні анықтау болып есептеледі. Әрине бұл жерде аудармашының зейіні аударылып жатқан мәтіннің мазмұны екені анық. Бірақ мәтіннен бөлек вербалды емес іс-қимыл, басқа материалдар және сыртқы факторларға назар аударылуы мүмкін. Сонымен қатар ізбе-із аударма кезінде аудармашының қолында жазбалар болады және ол жазбаларды түсіндіру де зейінді талап етеді. Ізбе-із аударма көбінесе ұзақ уақыт өтеді және осы уақыт тұрақтылық пен зейінді талап етеді. Мұндай аударма кезінде аудармашы назарын бір істен екіншісіне бірден ауыстыру керек және ол оңай іс емес, тіпті ауызша аудармашылар үшін осы қасиет өте маңызды.

Келесі негізгі механизм – қабылдау. Құлақпен естіп қабылдаудың нәтижесі бастапқы хабарды түсіну не түсінбеу болып саналады. Мұндағы негізгі түссініктер:негізгі тақырыпты түсіну, мазмұнды түсіну, мотив пен мағына мазмұнының ішкі логикасын түсіну. Қабылдау механизмі ілеспе аударма кезінде маңызды құралдардың бірі болып табылады. Әрдайым қабылдап түсіну сәті түсбей жатады, ал осындай кезде аудармашыда болжау қабілеті көмекке келеді. Өйткені кейде спикердің не айтпақ екенін болжап аударуға тура келеді және ол спикермен жазбаны бір уақытта тоқтатуға мүмкіндік береді.

Аудармашыға қажетті механизмнің алдыңғы қатарында есте сақтау болып есептеледі. Ізбе-із аударма кезінде аудармашыға жазба қолдануға мүмкіндік болғанымен, осы жазбалар бойынша мәтінді толықтай аудару мүмкін емес. Сәйкесінше, мұндай аударма кезінде аудармашы өзінің есте сақтау қабілетіне сүйенуі керек. Аудармашының есте сақтау қабілеті бірнеше факторларға байланысты болады. Сондықтан егер аудармашының белгілі бір сала бойынша фондық білім болса онда аудармашының сол білімі ақпаратты есте сақтауға көмек береді.  

Ауызша аудармашыларға ең қажет механизм ойлау болып саналады. Ойлау кезіндегі талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау, жүйелеу, жіктеу сияқты маңызды операциялар ауызша аудармашы қызметінде негізгі рөл атақарады. Бұл операциялар, бір жағынан, бастапқы хабарламаның мағынасы, оның даму логикасы туралы қорытынды жасауға, екінші жағынан, тиісті аударма әдістеріне жүгініп, аударма тілінде хабарлама құру сатысында ойды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойлау процесінің көп деңгейлі сипаты күмән тудырмайды. Л. С. Выготский сыртқы сөйлеуді, ішкі сөйлеуді және нақты ойды бөліседі. Зерттеуші ойдан сөзге ауысудың күрделі ішкі делдалдық процесін іс-әрекеттің логикалық тізбегі түрінде ұсынады: ойдың қозғалысын анықтайтын мотив алдымен ішкі сөзде, содан кейін сыртқы және соңында сөздерде тұжырымдалған ойдың өзін қалыптастыру.

Қарастырылған психологиялық механизмдер адам қызметінің кез-келген көрінісі үшін негіз бола отырып, әр мамандықтың нақты талаптарын ескереді, сонымен қатар белгілі бір маманның интеллектуалды дамуының жеке динамикасына, ақпаратты өңдеудің жеке ерекшелігінде көрсетілген оның танымдық стиліне байланысты болады.

Осылайша, ауызша аудармашылардың кәсіби қызметінің психологиялық механизмдерінің әрекеті жинақталған лингвистикалық, экстралингвистикалық білім мен тәжірибеге негізделген. Егер оқу процесі аясында жеке механизмдерді қалыптастыру мүмкін болса, онда жұмыс жағдайында барлық механизмдер жұмыс істеуі керек мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеттесу: мағынаны түсіну және оны басқа тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар, психологиялық механизмдер белсендіру аудармашының саналы көзқарасына байланысты ерікті әрекет болып көрінеді.

Психологиялық механизмдердің сипатталған ерекшеліктері болашақ аудармашыларды оқыту процесін құру кезінде ескерілуі керек. Оқыту кез-келген ақыл-ой әрекетінің негізі болып табылатын проблемалық жағдайларды құруды, теорияны практикамен байланыстыруға және нақты талаптарға сүйенуге бағытталуы керек психологиялық қайта құрылымдауды қамтитын аударма қызметі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Кудайбергенова Зульфия