ҚазҰу білім ордасы

ҚазҰу білім ордасы
жеке
блог

        Әр оқушы 11 сынып бітірер алдында мамандық таңдау қандай жауапты болса, білім алатын оқу орнын таңдау да соншалықты маңызды екенін біледі. Өйткені, жарнамасы әр жерде болғанмен, білім сапасы төмен оқу орындары көптеп кездеседі. Жоғары оқу орнын таңдар алдында мен көп  ойландым,бірақ мамандығым тілмен байланысты болатынын білгем. Көп ізденіп,достарымнан,туысқандарымнан сұрадым.Мен ойлана келе Қазақ Ұлттық университетін таңдадым.  Басқаларға қарағанда осы оқу орнының артықшылықтары, жеткен жетістіктері өте көп. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген . 2012 жыллғы әлемдік үздік 390 шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр. Еліміздегі ұлттық статусты иеленген университтердің алдыңғы қатарында тұр.Мамандығымнан мен шетел филологиясы қытай тілін таңдадым. Қытай тілі мен үшін бұрыннан қызық. Қытай тілі өте күрделі және ауыр тіл. Оны меңгергеннен кейін, басқа тілдер әлдеқайда оңайырақ болады. Қытай тілі қазіргі кезде өте талап етілетін тілдердің бірі. Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр.Сол мүмкіндікті біздер яғни жастар тиімді қолданып,сапалы білім ала аламыз.Қазақ Ұлттық университетінің мұғалімдерінің білім беру тәжірибесі жоғары деңгейде. Әр студент осы жоғары оқу орнын бітірген де жақсы маман иесі болары анық. Осының бәрі еңбектің арқасы. Тек қана берілмей, қиындықтарды төзе білу керек.

 

Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы 3 курс шетел филологиясы мамандығы студенті Минажова Раушан 
Жетекші Шарыпқазы Н.