Білім мекені

Білім мекені
жеке
блог

Шығысты тану- тек оның тілін ғана үйрену емес, оның рухани жанымен бірге болу. Сол себептен де болар, шығыс тілдерін үйреніп кету анау айтқандай оңай емес. Ол үшін сіздің бойыңызда тілге деген махаббат пен өзіңізге деген   жоғары талабыңыз болуы тиіс.

Біздің елімізде бүгінгі күнде шығыстану мамандығы күн өте келе сұранысқа ие бола түсуде. Бірнеше оқу орындары мен әртүрлі курстар ашылуда.Солардың ішіндегі білім ордаларының ішінде шоқтығы биік тұрғаны Қазақ Ұлттық Университетіндегі Шығыстану факультеті. Факультет қабырғасы  ХХ-ғасырдың 70-жылдары қаланып, Арын Берік, Құрмансейіт Батырхан сынды тұлғалар білім алып шықты. Басқада түлектер әлемнің әр бұрышында қызмет атқаруда. Қазіргі таңда факультетте 8 тіл оқытылады. Атап айтар болсақ: қытай, корей, жапон, түрік, араб, парсы, урду, хинди тілдері.Сонымен қатар, студенттер шығыстану, аударма ісі, шетел филологиясы мамандықтары бойынша даярлануда.

  Факультет деканы Ықтияр Молдатөреұлының жетекшілігімен факультет күннен күнге дамып, шет елдердің оқу ордаларымен келісім шарт жасалуда. Факультеттің әр кафедрасы бойынша жылына 50-60 шақты студент шет елде өз біліктіктерін арттырып, тәжірибе алмасып келеді.Сонымен қатар, Азия елдерінен келген шет елдік студенттер елімізде қазақ, орыс тілдерін үйренуде.

 Егерде Сіз шығыс тілдерін үйреніп, оның бай және нәзік мәдениетіне қанық болғыңыз келсе, онда факультетімізге келіңіз!

Шығыстану факультетінің 3 курс студенті Дарибаева Ардак

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп