Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні

Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні
жеке
блог

XX ғ.басында Қазақстан аумағы Ресейдің отарларының бірі болды, ал XX ғ. соңында Қазақстан тәуелсіздік алды. Бұл ғасырдың тарихы қайғылы оқиғаларға толы, тәжірибенің ауыртпалығы бірнеше ғасырға жетеді. Адамның қанымен, көз жасымен және азабымен араласқан осы бір сұрапыл кезінде Қазақстанның тәуелсіздігі, тағдырдың отаршылдық пен большевизмнің ауыр азабынан аман қалған халыққа Құдайдың берген сыйы.

ХХ ғасырда қазақ халқынның басына түскен Ресей патшалығының саясатын айтпай қалмаған ұлы тұлғаларымыз жетерлік. Қазақтың мұңын зарлап, ұлттың сақталып, жоғалмауына үлес қосып өздерін құрбан етуге дайын болған, көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынов болды.

Ахмет Байтұрсынов Патша өкіметіне қарсы шығып, бар батылдығын жинап, өз ойын білдіріп, ғасыр басында сап түзегендердің қатарында болған патриот тұлға. Жазушының көптеген еңбектері қазақ халқының сауатсыздықтан арылу мақсатында жазылған еді. Сонымен қатар тар заманның ащщы, тұщщылығын айтып, көптеген еңбектері қағаз бетіне түсірілді. Оның нәтижесінде оған зақым келетініне қарамастан еркіндікті дәріптеді.

Ахмет Байтұрсыновтың жазған еңбектері жоғарыда айтқан тақырыптарымен ғана шектеле қоймай, ой өрісін жан-жақты жеткізген. Айып тек Ресей өкіметінде ғана емес, бізден де үгіт кеткенін айтады. Оны біз Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" атты мақаласында көз қарасын барынша жеткізгенін байқаймыз. Бұл мақаланың астары терең, әрі ауыр болғанымен, растылығын жоққа шығаруымыз орынсыз. Автордың бұл мақалада қазақ халқына үндеу, жолдау мақсатымен жұртын тіршілікке, бас қосып, ұйым жасап, бірлесіп іс қылуға шақырады. Мал-бағып, көшпелі өмірге еті сіңісіп қалған халықтан алға ұмтылып, болашаққа деген көзқарасын өзгертуге талап етеді. Қалың ұйқыға батқан халықтың халі мүшкіл. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ неліктен кері басады? Естекті жерден жұрдай ғып түбіне жеткен надандық пен жалқаулық. Бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытатын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең тентіреп кетеді, - дейді автор.  Бір күндік өмірге мәз болған қазақ ертеңінде аш қалады. «Әйтпесе, амалыңды түзет, түземесең ешкімге кінә қойма»,- дейді. Осыған жазушы: «талабы жоқ, үміті мол халықпыз», - деп ашынады.

Тұрақсыздыққа үйренген халықтан талап ету дұрыс па? Көшіп-қонып жүрген қазақтың оқымақ ойы бар ма? Онда неліктен қазақ өкіметке өкпелі? Алдыңда мақсатын болмаса, өмірің бекер бос өтетінін айтады. Еңбек етпей егін шықпайды, терселең терің тегін қалмайды. Осыған орай Ахмет Байтұрсынов «қараған қарап қалар» деген орынды мақалды түртіп кетеді, бірақ ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ. Надандықты ғылым, өнер, білімнен артық көрген халықтан жылжуын ұсынады. Себебі, артта жалтақ етіп қалған жас ұрпағымыз бар. Олардың болашақ өмірі тәуелсіз, дара мемлекетте өткенін кім қаламайды? Егер, өкіметке өкпелеп, босқа шіреніп, құдайдан үміт күтсек балаларға не мирасымызды қалдырмақпыз. Талабына сай болсаң, құдайын сені міндетті түрде қостайды. Осылайша жаны өртенген жазушы зарланып, толғанып мұң-мұқтажын саралайды. Ахмет Байтұрсыновтың халыққа, Ресей патшалығана арнаған үндеуінің нәтижесінде, әр жазылған сөзі өзіне мың есе жазамен келетініне біле тұра, қазақ халқының саяси тағдырына белсене қатысты. Қазағым, жерім деп қалған бабаларымыз халқын жанынан артық көрді. Ендігі жаңа заманның тәуелсіздігі, еркін өмірі ең бастысы Ахмет Байтұрсынов сынды бабаларымыздың жемісі. Сол себепті, оны жадымызда, санамызда әр қашан сақтауымыз керек деп есептеймін.