“Көктем мерекесі”


2021 жылдың 17 ақпанында Zoom платформасында Қытай Жаңа жылы «Көктем мерекесі» (春节)атты онлайн іс-шара өтті.Аталған іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 3-курс студенттері ұйымдастырды.
Бағзыдан келе жатқан Қытай Жаңа жылы «Көктем мерекесі» деп аталады.Бұл атау Еуропа халқының Жаңа жыл мерекесінен бөліну үшін берілген.Қытай елінде бұл мерекенің орны бөлек.Себебі Қытай Жаңа жылы – ең әуелі отбасылық мереке.

Студенттердің Қытай Жаңа жылы туралы видеожазбалары көрсетіліп,мерекеге қатысты ойындар ойнатылды.Бір-бірімізден мыңдаған шақырымда болсақ та, думанға толы мерекені бірге тойлағандай әсерде болдық.Іс-шараға кафедра оқытушысы Матай Б. және кураторымыз Шәріпқазы Н. қатысты.

Жетекеші: Шәріпқазы Нұртәліп
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 3-курс студенті Тортай Шұғыла



Бөлісу: