Бір тағдыр, бір ғұмыр, бір уақыт
жеке
блог

Бір тағдыр, бір ғұмыр, бір уақыт

Бағымның да, бақыттың тұрағы

Басқан із бен жүрген жолдан тұрады.

Өзегімде бір мұңым бар айтпайтын

Өзгелерден қашып жүрмін мен тағы

 

Шықтым биік, белес дейтін асқарға

Бағалаумен қадірлеуім тым басқа

Сүрінгенде ұғады екен пенделік

Сүріндірген кейбір жолдың барында

 

Қарыз алдың, намыс кетті дей бергін

Өзгелерге тәуелді боп күн кештім

Сыр алдырмас, ақтарылмас сандықтан

Бір күн өтті өтірікке бет бұрдым.

 

Отбасының еркек болар тірегі

Тірекке де керек болды тіреуші

Жігер құмға айналмасын деп жүріп,

Жұтар батпақ, ылайланды жер беті

 

Туыс, достың арасында қадір жоқ

Айналада күле жатар таныс көп

Не істерімді біле алмай сан соқтым

Бір сілтеумен, қолын сермеп кеткен көп

 

Өмір дәмі ащы болар кей тұста,

Бақытты боп, өз төріңде жатсаңда

Бағдарланған бақытымнан сынақ кеп

Алаяқша жүрмін қазір бұл маңда. 

 

Күн шыққанда жабырқайды көңілім

Күнмен бірге шығар менің бар мұңым

Тас түнек боп қарайланған түнгі шақ

Тыныштықта тұнықтырар демеушім

 

Ешкімді де, ренжітетін жоқ ойым

Алла куә күнә өзімнен білемін

Қиналған жан қолын жайған Аллаға

Бар бақытты, мейірімді тіледім.