Ақиық ақын – Мұқағали Мақатаев

         Әжесінің қолында тәрбие алып өскен, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітап жазып қалдырған және «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда» жыр жинақтарын жазған Мұқағали Мақатаев атамызға биыл 90 жыл!

          Әлемге әйгілі Дантенің «Құдыретті комедиясының» бір бөлімін және Шекспирдің «Сонеттерін» қазақ тіліне аударған Мұқағали Мақатаев әрдайым ел есінде. Мектеп табалдырығынан бері Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына сүйсініп келемін, әрі жырларымен білдірген ойын ұғып келемін. 

          Не себепті екенін білесіз бе? Себебі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері адамды адалдыққа, әділдікке және тазалыққа шақырады. Өмірдің кез келген қиындығына шыдай біліп, төзімді болуға, жастарды Отанды жан тәнімен сүйюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға шақырады. Үлкендерді құрметтеуге жас ұрпақты дәріптей отырып, қазіргі бейбіт таңның қадірін түсінуге шақырады. Міне, мені оның шығармаларының осындай сипаты баурап алған еді.

            Қазақ поэзиясына ерекше құбылыс алып келген Мұқағали Мақатаев алғашында аудандық газетте тілші болып жұмыс атқарып, кейіннен Алматы қаласына көшіп келіп, Қазақ радиосының дикторы секілді қызметтер атқарған екен.

             Өз өмірінде болып жатқан алай-дүлейге қарамастан Мұқағали Мақатаев поэзияға деген махаббатына тұрақты болды. Қазіргі таңда, Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әндерді жиі кездестіреміз. Мұның өзі, қазіргі ұрпақтың Мұқағали Мақатаевтың жазып қалдырған еңбегіне құрмет білдіріп, бағалауы секілді.

                 Шынында, Қазақ әдебиет саласында жиырма бес жылдай қызмет жасап, мыңнан аса өлең жазып қалдырған Мұқағали Мақатаев үлкен құрметке лайықты тұлға.

Қытайтану кафедрасы, 3 курс шетел филологиясы мамандығының студенті Баймахан Айнура.

Жетекші: Шарыпқазы Н.



Бөлісу: