Жастар оқуы керек ТОП 5 кітап

 Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді емес па!?Кітап беттерінде,әр парағында адамзат тіршілігінің сан қилы құпиялары жасырылады да, сақталады. Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы ,адамзат ойының жемісі ол-КІТАП. Біздің алға жылжуымызға,сөздік қорымыздыңм молайюның барлығына себепші жалғыз кітап емес па?!Бір кітаптың өзі нағыз байлық қой! Бұрын жастарымыз кітапты оқу үшін таласып тармасып,кітап туралы қызу талқыға түсіп әңгіме айтып жататын ,ал қазір мүлде олай емес. Тіпті бұрын кітапты сыйлыққа берген.Қазіргі жастарға кітап сыйласаң, менменсіп тұрады,тіпі ол кітап кейін қайда қалары белгісіз ... Әрине «бес саусақ бірдей емес».Негізі сыйлыққа кітап берген өте орынды деп ойлаймын.

Қазір кітап оқитын жастарымыз саусақпен санарлықтай қана.Әрине бұл өте өкіншті жағдай. Қазір кітаптын орнын «смартфон,компьютер» сынды құрылғылар басып алған.Бұл заттардың зияны да , пайдасы бар. Бірақ қазіргі елімізде болып жатқан жағдайға байланысты телефон таптырмас құрал. Себебі «Covid -19»-ға байланысты қашықтықтан оқып жатырмыз. Алайда қашықтықтан оқу болса да кітап оқуды ұмыт қылмай, әдетке айналдыруға болады. Ал егер «менің кітап оқуға уақытым жоқ ,үнемі сыртта жүрем десеңіз» қазіргі уақытта барлық кітаптың электронды нұсқасы бар. Бар сондықтан кітап оқуды сылтауға айналдырмай, білімізді арттырып, қайда жүрсекте кітап оқып жүрейік.

Ал мына кітаптарды әрбір жас, өсіп келе жатқан жастарымызға ұсынамын:

ТОП 1: «Абай жолы» Мұхтар Әуезов

ТОП 2: «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы

ТОП 3: «Бай әке,кедей әке» Роберт Кийосаки , Шэрон Л.Лектор

ТОП 4: «Қан мен тер» Әбдіжамал Нұрпейісов

ТОП 5: «Табысқа жетудің 7 құпиясы» Аманжол Рысмендиев

Бұл кітаптардың арасында мотивациялық,бизнеске, көркем әдебиетке қатысты кітаптар бар.Көркем әдебиетті оқып, білімізді арттырып,сөздік қорымызды молайтып жүрейік. Ал мотивациялық кітаптарды оқып,ал, алға қарай ұмтылайық. Ендігі кезекте жастарымыз қазіргі уақытта бизнес саласына қызығушылықтары арттуда.Сондықтан бизнес бастағыңыз келсе осы тізімдегі бизнеске қатысты кітапты оқуға кеңес беремін.



Бөлісу: