Стационарлық көмек – ауруханаларда жоспарлы тәртіпте емдеу
жеке
блог

Стационарлық көмек – ауруханаларда жоспарлы тәртіпте емдеу

Медициналық қызмет түрлерінің ішінде стационарлық көмектің алатын орны ерекше. Бұл көмектің екі түрі бар. Бірі – жоспарлы түрдегі стационарлық көмек, екінішісі – шұғыл түрдегі стационарлық көмек. Осы екі бизнес-процесте қабылданатын ем туралы, оны тағайындау барысындағы басқа да процестерді біліп жүру – әр адам үшін аса маңызды.

Халыққа стационарлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында шұғыл көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

тексерулер, маманның кеңестері, соның ішінде телемедицина байланысын қолдану;
денсаулық стандарттарына сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
медициналық қызметтер (ақылы қыз­мет­­терді қоспағанда), медициналық се­беп­терге сәйкес дәрілік препаратпен қам­тамасыз ету;
медициналық мақсатта қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
медициналық ұйымда ананың (әкенің) немесе үш жасқа дейінгі баланы тікелей бағып отырған басқа адамның, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін ауыр науқастанған үлкен балалардың уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілуімен қамтамасыз ету;
баланы күту үшін медициналық ұйым­да бір жасқа дейінгі бала емізетін ананы ақысыз тамақпен қамтамасыз ету;
уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттарына сәй­кес, оның ішінде балалар мен азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарына кеш және жал­ғастырылатын медициналық оңалту;
балалардың стационарлық медицина­лық ұйымдарында ойындар, демалу және тәрбие жұмыстары үшін қажетті жағдайлар жасау;
паллиативтік көмек және мейірбикелік көмек.
Жоспарлы стационарлық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетіледі және оған мынадай қызметтер кіреді:

медициналық көрсеткіштер бойынша бейінді маман тексереді, консультация жасайды;
диагностикалық қызметтер;
ауру асқынғанда, өмірге қауіп төндіретін дертті дәрілік заттар, медициналық бұйымдар арқылы, медициналық манипуляция, хирургиялық операциямен емдеу;
қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану;
БМСК маманының немесе медицина­лық ұйымның жолдамасы бойынша меди­цина­лық оңалту және қалпына келтіру емі;
адамның еңбекке уақытша жарамсыз екенін растайтын сараптама;
емдік тамақтану;
пациентті стационар палатасында төсек-орынмен қамтамасыз ету;
үш жасқа толмаған баланың, қосымша күтімге мұқтаж ересек балалар­дың ауруханада анасы, әкесі немесе өзге де жақынымен бірге жатуына рұқсат ету, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;
Бір жасқа толмаған бала емізетін анаға медициналық ұйымда тегін тамақ беру;
Стационарлық медициналық ұйым­дар­да балаларға арналған ойын алаңын, демалыс және тәрбие жұмыстарын жүргізетін орындар ашу.

Пациент жоспарлы түрде стационарға жату үшін БМСК маманы жолдама беру керек немесе ақпараттық жүйедегі күту парақ­шасына тіркеліп, жоспарлы емге талон алады.

Стационар маманы күн сайын жоспарлы емге жолдама алған пациенттер тізімін қарап отырады. Сөйтіп, ауруханадағы босаған орындарды медициналық ақпараттық жүйедегі порталға енгізеді, ол мәлімет 9 жарым сағат сақталады. Медициналық ұйым пациентті қабылдау бөлімінде жұмыс кестесіне сәйкес 60 минуттың ішінде қабылдап, тіркейді. Егер ауру АХЖ 10 кодтарына сәйкес келмесе, онда тәулік бойы дәрігердің бақылауына мұқтаж науқас жайлы мәлімет ақпараттық жүйеге және 907 бұйрық бойынша 003 У парағына енгізіледі. Қажет болған жағдайда қабылдау бөлімшесінде консилиум ұйымдастырылады.

  Науқас толық тексеруден өткен соң және қарсы көрсеткіштер анықталмаса, бейін­ді бөлімшеге жатқызылады. Егер емделу­ге жатудың қажеті болмаса, қабыл­дау бөлімшесінің дәрігері пациентке меди­циналық қорытынды жазып береді. Ал мейірбике пациентті тіркелген жері бойынша БМСК ұйымына жібереді.

Пациент пен медициналық ұйым арасында медициналық көмек көрсету бойынша шарт жасалады. Пациент немесе оның заңды өкілі емдеу-диагностикаға жазбаша келіскеннен кейін ғана медициналық көмек көрсетіледі. Ал адам қатты қор­қып,­ коматоздық күйде болғанда; айнала­сын­да­ғыларға қауіп төндіретін ауруға шал­дық­қанда; психикасы бұзылған жағ­дай­да келісімсіз және науқастың жағдайы жақ­сарғанша медициналық көмек көрсетіледі.

  Дәрігер пациентті түскен күні қарайды, оған қажетті ем жазады және тағайындалған диагностикалық емді түсіндіреді. Демалыс, мерекеден басқа уақытта күн сайын тек­се­ре­ді. Пациент ауруханаға жатқан­нан бастап 3 күннің ішінде бөлімше меңгерушісімен бірге клиникалық диагноз қойылады. Қосымша диагностикалық және емдік қызмет тағайын­далса, кезекші дәрігер медициналық картаға жазады. Пациенттің жағдайы нашарласа, кезекші дәрігер меңгерушіге, емдеуші дәрігер немесе жауапты кезекші дәрігер хабарлайды. Диагностика мен емдеу процесіне өзгерістер енгізеді және оны медициналық карта мен ақпараттық жүйеге енгізеді.

Пациент шұғыл стационарлық медици­на­лық көмекке жедел медициналық жәр­дем қызметінің, БМСК жанындағы жедел жәрдемнің және санитарлық авиация­ның мобильді бригадасы арқылы немесе өз бетінше жүгіне алады. Кейде пациенттерді емхана, ауруханаға азаматтар немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері жет­кізеді. Науқасқа жедел жәрдем көлігі мен сани­тарлық авиацияның бортында да меди­цина­лық көмек көрсетіледі. Ал пациент ем­деуге жатқызылса, қабылдау бөлімінің дәрі­гері немесе мейірбике №450 бұйрыққа сәйкес Триаж жүйесі бойынша бөледі.

Пациент бірінші топқа түссе, қарқынды терапия палатасында немесе операция бөлме­сінде жедел медициналық көмек көр­сетіледі. Жағдайы тұрақталған кезде пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе бейінді бөлімге жіберіледі.

Екінші топтағы пациент диагностикалық палатада емделеді. Динамикалық бақылау қажет болса, науқас 24 сағатқа дейін диагнос­тикалық палатада болады. Осы аралықта толық жедел медициналық диагностикалық көмек көрсетіледі.

Үшінші топтағы пациентті қабылдау бөліміндегі тексеру кабинетіне жібереді. Ол жерде емдеу тәсілі анықталады, диагноз қойылғанға дейін емдік және диагности­калық қызмет көрсетіледі.

Қажет болған жағдайда қабылдау бөлім­ше­сінде консилиум ұйымдастырылады. Яғни, кемінде үш жоғары білікті немесе бейінді маман бірлесіп диагноз қояды, ауруды емдеу тәсілін анықтау, болжам жасау үшін пациентті қосымша тексереді.

Егер пациент емдеуден бас тартса, қабылдау бөлімінің дәрігері 907 бұйрыққа сәйкес науқастың жазбаша өтініші негізінде медициналық анықтама береді.

Пациент емделу үшін ауруханаға жатса, онда №907 бұйрыққа сәйкес медициналық 003 /е картасы толтырылады. Қабылдау күні дәрігер науқасты тексеріп, ем тағайындайды. Және пациентті емдеу‐диагностикалық шаралар жайлы хабардар етеді. Дәрігер демалыс, мерекені қоспағанда, күн сайын тексереді.

Пациент емделуге жатқан сәттен бас­тап үш күн ішінде бөлімше меңгерушісі мен дәрігер клиникалық диагноз қояды. Кезек­ші дәрігер қосымша диагностикалық және емдік процедуралар тағайындағаннан кейін медициналық жазба толтырады. Егер науқастың жағдайы нашарласа, кезекші дәрігер бөлім басшысына, емдеуші дәрігерге немесе кезекші жауапты дәрігерге хабарлайды. Диагностика мен емдеу процесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып, стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі ақпараттық жүйеге енгізеді.

Пациент мынадай жағдайда стационар­дан шығарылады: 1) науқас сауығып, жа­ғ­дайы жақсарса немесе өзгеріс байқалмаса, қай­­тыс болса, басқа ауруханаға ауысса; 2) па­­циенттің өміріне және айналасын­дағылар­ға қауіп төнбесе, емдеу курсы аяқ­талғанға де­йін пациенттің немесе оған жауапты заңды тұл­ғаның жазбаша өті­ніші арқылы; 3) науқас денсаулық сақтау ұйы­мының ішкі тәртібін бұзса, сондай‐ақ емдеу-диагностикалық процеске кедергі келтірсе, басқа пациенттердің медициналық көмек алу құқығына қысым жасаған жағдайда.