Қазақстандағы заманауи мәдениет

Бірнеше жыл бұрын негізгі бастауын алған бұл бағыт жалпы қазақ халқы құндылықтарының тек өз аумағында ғана емес ,әлем бойынша биік деңгейде көрінгенін көздейді. Нақтырақ айтар болсақ, елбасымыздың нұсқауымен бастау алған- құнды бағыт. Адамзаттың рухани дамуы барысында жолдау алған осынау жоба "Рухани жаңғыру" , "Жаһандық Қазақстанның заманауи мәдениеті" сынды бірнеше бағытта дамуды қолдады.
Қазіргі ақпараттық дамыған қоғамда жас буынның мәдениет жайында кітаптан ілім іздеуі күдікті іс секілді. Салт-дәстүр,жалпы қазақ сахна мәдениеті, ұлттық мәдениет,тіл мәдениеті ,ұлт мәдениеті-сонау ғасырлардан өзінің беделімен белгілі. Жоба бойынша,әлемдік деңгейге жету үшін,негізгі алты тілді қолданысқа енгізу көзделген. Қатарға ағылшын,орыс,француз,қытай,араб және мемлекеттік тіл кіріктірілген. Заманауи даму барысында ,әрине,бұл өте аз үлес. Қазіргі БАҚ заманы дамыған кезеңде мәдениетті танытудың көп жолы ұсынылған. Мысалға алатын болсақ, _Massaget_ сайты мен _You Tube_ арналары. Қандай мақсатта? Жалпылама қарастырсақ,сайттарға өте көп құнды мәлімет жүктеуге болады,әрине ескі типте емес ,заманауи стильде, жастарға қызық болатындай етіп жарық көрсе. Онымен қоса қазіргі таңда _Қазақ тіліндегі арналар_ өте аз,бірақ жас буын қатары бұл кемшіліктерді жоюдың бірден бір шешімі болмақ. Көзі ашық,көкірегі ояу жас буын Заманауи қазақ мәдениетін заманауи типте дамыта алады. Мысалға жай ғана қарапайым домбыра не болмаса аспаздық арналарды ұсына аламыз. Қазақ тілінде не бір арналар домбырамен сыр шертіп,өскелең ұрпақ бойына өнер дарытып отырса , аспаздық арналар-қазақ ұлтының ұлттық тағамдарын жасай отыра, дәстүрімен таныстыра,жеткілікті ақпарат таратуға қауқарлы. Менің ойымша ,Ежелгі қазақ мәдениетін-заманауи мәдениетке осылайша жетелеуге болады. Қай заманда болмасын ұлтымыздың ұлылығын сақтау парыз,келесі күнге жеткізу міндет



Бөлісу: