ХІІІ ғасырдағы Моңғол мемлекетінің басқару жүйесі

ХІІІ ғасырдағы Моңғол мемлекетінің басқару жүйесі
жеке
блог

ХІІІ ғасырдағы Моңғол мемлекетінің басқару жүйесі

 

             ХІІІ ғасырдың басында Орта Азияда моңғол тайпаларының бірігу процесі басталды, бұл жаңа көшпенді империяның пайда болуына әкелді. 1206 жылы ұзақ күрес нәтижесінде моңғолдарды біріктіруші және мемлекет басшысы Темучжин Шыңғысханның титулын алды. Осы кезде бірқатар әскери және әкімшілік реформалар жүргізіліп, моңғол ұлысын орталықтанған мемлекеттік жүйеге айналдырды. Керейіттер мен наймандар ұлысын талқандап, оларды империя құрамына қосқаннан соң, Шыңғысхан Қытайға, Жетісуға және Орта Азияға жаулап алу жорықтарын жүзеге асырды. Оның мұрагерлері осы саясатты жалғастырып, Еуразия материгінің көп бөлігін алып жатқан дүниежүзілік империяны құрды. 1218 – 1240 жылдары Қазақстан аумағы Моңғол империясының құрамында болды.

Шыңғысхан мен оның мұрагерлері тұсында империяны басқарудың орталық аппараты қалыптасты. Атқарушы биліктің маңызды органы мемлекеттік кеңес болды, оған империяның жоғарғы шенеуніктері кірді.

Мемлекеттік басқару жүйесі. Моңғол мемлекетінің басшысы Шыңғысхан әулетінен шыққан қаған болды. Лигитимділіктің негізгі әулетінің негізін қалаушы мен оның мұрагерлерінің құдаймен таңдалып қойылғандығы туралы сенім болды. Мәселен, үгедей қаған венгер королі Бела ІҮ жазған өз хатында: “Мен көк патшасы жіберген, Ол жердегі билікті сыйлаған: маған бағынғандарға қамқор болуға және қарсыласқандарды басуға құқық берген ханмын” делінген. Моңғол басқарушылары жан-жақты болып саналды, оның билігі абсолютті болып, тек Моңғол империясына тараған жоқ, сондай-ақ іс жүзінде оған бағынбаған жерлерге де тарады.

Билік өсиет бойынша берілді немесе тік линия бойынша мұраға қалып отырды. Таққа отырғызу процессі формалды түрде құрылтайдағы сайлау арқылы жүргізілді. Қағанның өкілеттігі өте көп болды. Ол мемлекеттің аумағы мен халқына билік ету құқығын, юрисдиксиялық нормаларды заң нысанында – йасак және жарлық нысанында – йарлық белгілеуге құқықты болды, моңғолдардың жоғарғы бас қолбасшысы және дін басшысы болды.

Қағаннан төмен Шыңғысхан ұлдарының ұрпақтары ұлыс хандары болды. Хандар қағанды жоғарғы басқарушы деп тани отырып, іс жүзінде өз иеліктерінде тәуелсіз басқарушылар ретінде болды. Жаулап алынған жерлерге қаған мен хандар даруғашы немесе даруғабек тағайындады. Олардың міндетіне мыналар кірді: халықтың есебін жүргізу, жергілікті тұрғындардан әскер жасақтау, пошта байланысы қызметін ұйымдастыру және оларды қаржыландыру, салық жинау, оны орталыққа жеткізу. Мұнан басқа даруғабектер ірі қалаларда әкімшілік және полиция қызметтерін жүзеге асырды. Бірқатар провинцияларда жергілікті әулеттен шыққан басшылар сақталып қалды, бірақ олар түгелдей даруғабектердің бақылауында болды және қағанмен тағайындалып, бекітілді.

Шыңғысхан мен оның мұрагерлері тұсында империяны басқарудың орталық аппараты қалыптасты. Атқарушы биліктің маңызды органы Мемлекеттік кеңес болды, оған империяның жоғарғы шенеуніктері кірді. Мемлекеттік кеңестің басшысы әкімшілік, қаржы және әскери органдарды бақылайтын оң министр болды. Басқару жүйесінде маңызды орынды хан кеңсесі иеленді, ол ұлық бітікшімен (ұлы жазғыш) басқарылатын хатшылар мен жазғыштардан тұрды. Жаулап алынған жерлерде әкімшілік және әскери билікті жүзеге асыратын жоғарғы орган Жорық басқармасы болды.

Жергілікті билік шыңғыстықтар мен қаған тағайындаған түменбасыларға тиісті болды. Олар өз қолдарына бөліктердегі әскери және әкімшілік билікті шоғырландырды. Бірқатар аймақтарда қаған сот билігін жүзеге асыратын жаруғашыларды тағайындады. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды буын пошта жүйесі болды. Империяның барлық бас орталықтары пошта бекеттері – ямлардың желілермен байланыстырылды. Әр бекетте кем дегенде 20 ұлақшы шабармандар және көлікпен, азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін көп көлемде жылқылар мен қойлар болды. Бекеттер арқылы биліктің бұйрықтары, ресми құжаттар берілді, империя аумағы бойынша шенеуніктер мен хан өкілдерінің қозғалысы қамтамасызз етілді. Пошта бекеттерін пайдалану құқығы арнайы белгілі – пайцзалармен бекітілді.

1- курс студенті Е.Д.Биғалиев

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің

аға оқытушысы Ж.М. Арынов