"Жас оқытушылар мектебінің" семинары

"Жас оқытушылар мектебінің" семинары
жеке
блог

 «Ақпараттық технологиялар» факультетінің жас педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Жас оқытушылар мектебінің» дәстүрлі жыл сайын өткізілетін кезекті семинары 2021 жылдың 20-22 қаңтар күндері өз мәресіне жетті. Оқытушылардың өзіндік дамуына және тәжірибе жинақтауға деген ұмтылысын қолдау мақсатында және осы тәжірибені қысқы студенттер демалысын пайдала отырып, кең ауқымды әріптестер шеңберінде өткізу мүмкіндігін жібермей осы жылы да қызу белсенділікпен өткізді.

Бұл әсіресе жаңа білім беру стандарттарына көшу жағдайында өте маңызды баламалы оқу бағдарламаларын жедел дамыту жағдайында өте тиімді болды. Семинарда «Ақпараттық технологиялар» факультетінің біліміне біліктілігі сай оқытушылар баяндама жасады. Семинарда «Ақпараттық технологиялар» факультетінің әдістемелік кеңесінің төрайымы Ф.Р.Гусманованың бастауымен және факультеттің әдістемелік кеңесінің мүшелерінің қолдауымен А.Р. Турганбаева, М.Е. Мансурова, Б.С. Баймулдина, А.А. Бедельбаев, М. Бисалиев, Н. Керімбаев, Ш.А. Джомартова, Е. Бейбітхан, М.А. Жомартов, М.А. Жомартов, С. Жүнүсбаева баяндама жасады. Баяндамашылардың кейбірі қазіргі заманғы практикалық білімді жеткізуді көздесе, екінші жағынан оқытушының интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты арттыру бойынша тұрақты жұмыс қажет екенін түсіндіруді көздеді.

Үш күндік семинар нәтижесінде, қатысқан әр оқытушы белсенділік танытып, қисынды да қиын сұрақтарына жауап алып, тіпті кей жерінде қызу талқыға түскен, кейіннен бір жауапқа келген оқытушылар құнды тәжірибенің, тиімді әдістердің, педагогикалық техниканың тәжірибесін меңгергені сөзсіз. Әр жылғы өткізілген семинар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оқытушының жетістігі - олардың құзыреттілігін үнемі жақсарту.

Мақала авторлары: Гусмановой Ф.Р., Турганбаева, М.Е., Тюлепбердинова Г.А., Адилжанова С.А., Газиз Г.Г.