ҚазҰУ – армандар орындалатын құтты мекен.

ҚазҰУ –  армандар орындалатын құтты мекен.
жеке
блог

Әл-Фараби атаындағы Қазақ  ұлттық университеті Қазақстан Республикасындағы ең беделді университтердің бірі. Білім ордасы сонау 1934 жылдан бастап қаланған. Университет босағасына алғаш аяқ басқан кез келген білім алушыны, университеттің сыртқы көрінісінің өзі бір көргеннен-ақ адамды баурап алады да, білім алуға деген құлшынысыңды одан сайын арттыра түседі. Университет  инфра құрылымының шеберлікпен жасалғаны сонша білім алушыларға өте ыңғайлы. Себебі университет аумағында білім алушыларға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Мысалы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, «Студенттер сарайы», «Әл Фараби» кітапханасы, заманауй оқу ғимараттары, спорт кешені, кинотеатр, интернет орталықтары, фудкорттар, бассейн, жас ғалымдар үйі және жатақханалар бар. Статистика көрсеткіші бойынша соңғы бес жылда университет инфрақұрылымының жалпы аумағы 50% - ға дейін өсіпті.

Мен бұл университетке түсер алдында, университет туралы көптеген тың мәліметтерді мұқият оқып шықтым. Сапа көрсеткішінің жоғарылығына, білікті мамандардың және үздік білім беру жүйесінің қалыптасқандығына көзім жетті.

Сөзімнің дәлелі ретінде нақтырақ атап айтар болсам:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Елбасы Н.Ә.Назарбаев тапсырысы бойынша  осы 2020 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары атынан QS(Quacquarellli Symonds)  аналитикалық есебі бойынша 42 орынға ілгерілеп жаһандық рейтингте  165- орынды иеленді  және әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына еніп отырған бірден-бір қазақстандық ЖОО болды.

ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құраған, яғни ҚазҰУ оқытушылары білім саласындағы ұлттық рейтингттің көшбасшылары.

ҚазҰУ түлектерді жұмыспен қамту рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251 орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ заман талабына сай мамандар даярлайтын, бәсекеге қабілетті орда. Менің ойымша, салыстырмалы түрде халықаралық дәрежедегі Назарбаев Университетімен иық тіресе алатын ғылымға бағытталған классикалық университет болып табылады.

Мен дәл ҚазҰУ-дың магистранты атанғаныма қуаныштымын және білім ордасын бітіргеннен соң білікті маман атанып, болашағымның жарқын болатынына сенімім мол. ҚазҰУ армандар орындалатын мекен. Жарқын болашаққа Қазақ Ұлттық Университетімен бірге нық қадам.  

    

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті,

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының

1-курс магистранты Тохтарбаева Нуршад , PhD докторы Таубаев Жарас Турысбекович