жеке
блог

Еріктілер жылы

Ерікті дегеніміз-жалғыз өзі немесе топ құрып жұмыс жасайтын жандар.Олардың негізгі айналысатын жұмыстары мұқтаж жандарға дер кезінде көмек қолын созып,табиғаттың көркеюіне,елдің дамуына үлес қосу.Волонтер болу ортамен тез тіл табысып,тәжірибе жинатап,жаңа дос табуға көмек береді.Волонтер дегенді ықылым заманда тегіннен тегін,атқанға көнетін,айдауға жүретін адам деп ұққан.Ол қате пікір.Қоғамға мен қажетпін,маған қоғам қажет деп әркекетіне ақша сұрамай қарекет қылатын жандардың санаты.Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев жолдауы бойынша биыл волонтерлар жылы.Волонтерлар жылы болған соң  бізде қоғамға кішкене болсын көмек көрсетіп, ауылымыздың тазалығын сақтауға,ауыл жастарын жинақтап «Еріктілер клубын» құрып отырмыз.Біз әрине материалдық қажеттілік бере алмаймыз,бірақ қол үшін беруге тырысамыз. «Таза аймақ, таза ауыл, таза көше, біздің күшіміз бірлікте» деген ұранмен ауыл жастары мен белсенділері Сүткент ауылымыздың таза болуына,көркейіп,жасыл желекке орануына бір кісідей атсалысып жатырмыз.Бұл тұрғыда айтарым жұртқа жәрдем жасау,көпке көмектесу жас талғамайды.Волонтерлық тек жастардың жұмысы деп жүргендер өте қатты қателесті деуге толық негіз бар.Осының дәлелі Мария Котер. Колифорния штатында тұратын 103 жасар әжей. Ол 25 жыл бойы қарттар үйінде волонтер болып қызмет атқарып келеді.Мария Котерді әлемдегі ең егде волонтер дейді білетіндер.Волонтерлық деген жастардың бойына азаматтық позиция мен потриоттық сезімді оятатын бірден бір бағыт.Волонтер болу арқылы қоғамға бейімделіп,өз отанына жанашырлық көрсетудің жолы.Жақынына жәрдемдесіп,жатқа болысуды айтсақ Әйтеке бидің тілегі былай:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін.

Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,

Батыр болып жауыңа найзаң тимесе

Елден бөтен үйің күйсін.

Қазақта қағида осылай. Адам болып тұрып мұқтаж жанға көмек қолын созбасаң,адамнан сытылып кете алмайсың,дегеніңе жете алмайсың. Волонтер туралы ақпарат аста төк, мысал мың, пікір пішен.Қазақта адамгершілікке арналған үш сауап бар дейді.Шөлге құдық қазған бір сауап,өзенге көпір салған бір сауап,жолға ағаш еккен бір сауап.Бұл сауаптарың санатына елге көмектесу яки волонтерлықты қосу заман талабы. Сондықтан әрбір азамат елге қол ұшын берсе артық етпес.

 

Жұлдызды блогтар