Тәуелсіздікке бастау болған Желтоқсан

Тәуелсіздікке бастау болған Желтоқсан
жеке
блог

Біз міне әр бір жыл сайын 16 Желтоқсан күнін республикамыздың атаулы күні немесе тәуелсіздігіміздің орнаған күні ретінде мерекелеп  отырмыз.  1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстанның әрбір азаматы үшін өте елеулі оқиғалардың бірі, себебі бұл тарихи күні қазақ халқы сан ғасырлар арман еткен тәуелсіздігіне жетті. Бұл күні біз өзіміздің дербес Қазақстандық жолымызды бастап, өз болашағымызды өз бетінше құру құқығымызды алдық.Ширек ғасырдан астам уақыт өткен бұл елеулі оқиға еліміздің рухани тұғыры биік азаматтары мен азаматшаларының күш қайратымен келді десек артық айтқанымыз емес. Өйткені, дәл осы күні 1986 жылы қақаған қатты аязда елдің болашағы үшін толғанысқа түскен жастар алаңға шығып әділдікті талап етті. Бұл қазақтарына оңайға түспей, қудалау мен тергеу процесіне созылғанына қарамастан, ұлт рухын жігерлендіріп, бұғанға дейін орын алған азаттық күрестердің соңғы және шешуш жаңғырығы болды десек артық айтпаймыз....

Бүгінде қазақ елі мерекелейтін ірі оқиға, бірақ бұл жай ғана мереке емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың жігері мен достығының нәтижесі. Қазақ халқы арман еткен тәуелсіздік еліміздің өзін бүкіл әлемге жариялауына,  өз экономикасын, білімін, мәдениетін дамытуға, сондай-ақ өзінің сыртқы саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында жаужүрек батыр ұрпағы екенімізді дәлелдеп, бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық. Осылайша көптен күттірген тәуелсіздікке қолымыз тек ХХ ғасырдың соңында ғана жетті. 1991 жылы ел басшысы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланып, елдігіміз бен еркіндігіміздің шынайы тарихының ақтаңдақ беттері ашылды. Бұл егемен ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет заңдарын негіздейтін  Конституцияны қалыптастырды. Нәтижесінде әлем елдері тізімінен «Қазақстан» деген жаңа де жаңа мемлекеттің аты жазылды. Сонымен бірге ұлттық валюта, әнұран, туы және елтаңбамыздың ену Қазақ елінің жеке де дермес мемлекеттің иесі екендігін айшықтады.

Ел тәуелсіздігінің артықшылықтары туралы ұлы классиктердің бірі «мемлекеттік егемендік - адамдардың ақыл-ойы мен рухының ең жақсы мектебі, оның басты артықшылықтарын сақтаудың бірден-бір құралы» деп айтып кеткен. Сол себепті қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігі барша Қазақстандықтар үшін ең басты байлық.

Олай болса, біздің бүгінгі міндетіміз - шынайы патриотизмді нақты істермен көрсетіп, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман еткен ел тәуелсіздігін сақтап, нығайту және олардың осы тәуелсіздік үшін жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпай, оларды мадақтау болып табылады. Өйткені  біздің ашық аспан астында  еркін де тыныш өмір сүріп, дамыған елдер санатына қосылуға тьалпыныс жасап, жастардың білім мен ғылымға ден қоюы осы жолда күрескен  ұлы бабаларымыздың ерлігінің  арқасы болып отыр. Біздің баршамыз да, яғни ХХІ ғасырдың жаңа буыны мемлекетімізге пайдалы істер жасап, Отан тағдырына жауап беруіміз керек, себебі жаңа мыңжылдықтың жас мемлекетіне білімді, белсенді адамдар қажет.  Мемлекеттің болашағы бізге байланысты болады және ол мәңгілік болмақ.

 

 

             Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс студенті Куанышбеков Әлібек Айдосұлы

                                               Ғылыми жетекшісі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қауымдастырылған профессоры., т.ғ.к. Ұ.М. Джолдыбаева