Қандай қазақ сені іздеп тапты екен!

Қандай сені іздеп тапты екен!


Берекесі дариядай тасып жатқан,

Сөз сөйлеген қариядай жастық шақтан.

Айналайын қазағым,қасиеттім,

Жаймашуақ,кең даламды етем мақтан!

•••

Қандай қазақ сені іздеп тапты екен,

Тірі болсам тіке тұрып қызмет етем.

Атақоныс,алтын ұям,атамекен,

АЛЛАМ сақтап,ел іргесі болсын бекем!

•••

Көз тікпесін жерімізге елдер бөтен,

Өзгелердің көлеңкесі түспесе екен.

БІР АЛЛАДАН басқаға болмайық тәуелді,

"Тәуелсіздік таңы әрдайым атсын"-дерем!


©️Ақбота Ибадуллақызы.



Бөлісу: