Х Жандаев оқулары" Халықаралық Ғылыми-Тәжірибелік конференциясы

Х Жандаев оқулары" Халықаралық Ғылыми-Тәжірибелік конференциясы
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті мен Картография және Геоинформатика кафедрасының ұйымдастыруымен 11-12 желтоқсан күндері "Қазіргі әлемдегі Қазақстанның географиялық ғылымы" атты Х Жандаев оқулары" Халықаралық Ғылыми-Тәжірибелік конференциясы оффлайн және онлайн форматта болып өтті.  

Конференцияға университетіміздің ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов, "География және Су қауіпсіздігі институтының" директоры, академик А.Р. Медеу, География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор В.Г. Сальников, География факультеті кафедраларының меңгерушілері, ғалым М.Жандаевтың жары, профессор Н.Б. Ахматуллина, Мичиган технологиялық университетінің профессоры (АҚШ)- Е. Левин, ТМД елдерінен қатысушылар, сонымен қатар кафедра профессорлары мен оқытушыларының қатысуымен жоғары дәрежеде өткізілді.

Халықаралық конференция 6 бағыт бойынша жүргізілді. Жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: 

—Мемлекеттік және трансшекаралық ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қазіргі мәселелері (ЕҚТА); 

—Табиғатты пайдаланудың ғаламдық және аймақтық мәселелері; 

—Қазақстандағы экологиялық туризм - дамыту, орналастыру, зерттеу принциптері; 

—Қазақстанды цифрландыру - мазмұны, проблемалары, жетістіктері мен болашағы; 

—Картографиялық бақылаудың геожүйелердің тұрақты даму проблемасын шешуде мазмұны мен рөлі; 

—Қазақстан Республикасы аумағындағы геодезиялық желілердің қазіргі жағдайы және оларды жаңғырту мәселелері.   

Қатысушылар осы аталған тақырыптар бойынша өз жұмыстары қорғап, талқыға салды. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жаhандық пандемия байланысты конференция онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді.  

Бүгінде Кеңестік және қазақстандық ғалым-геоморфолог, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері болған М. Ж. Жандаев оқуларына он жыл толып отыр.  

Осындай атаулы жылы өткізілген бұл игі іс-шараның ғылым жолында жүрген әрбір ізденісті жан үшін берер қазыназы биік жоба болды.  

Халықаралық деңгейдені байқау жоғары дәрежеде өткізіліп, қатысушылардың өз пікірлерін ортаға салып, жан-жақты талқылауының аясында ашық пікірге ие болды.