жеке
блог

Абай жолы

      М. Әуезов-қазақ халқының көрнекті жазушысы. Ол қазақтың көгіндегі өшпес жарық жұлдызы. Мұхтар Әуезов әрі жазушы, әрі қайраткер,ойшыл ұрпаққа үлгі боларлықтай тұлға. М.Әуезовтығ қай шағармасын алсақта, онда адамгершілікке,туған халқымен еліне ыстық сезім, әділетсіздікке қарсылық оттай басылады. Бұған дәлел мәңгі өшпес "Абай жолы" романы. Бұл шағарма әлемде қайталанбас туындылардың бірі.

      М.Әуезовтың бұл шығармасы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған. Яғни Абай атамыздың барша өмірі осы романда бейнеленген. Абай атамыздың бала кезінен ер жеткен шағына дейінбасынан өткен қызығы мен қиыншылығы бір шығармада тоғысқан. Шығармада оқиғалар күн демей, түн демей өтіп жатады. Жақсылық пен жамандық,ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көріп, өз бойымызға рухани байлық ала аламыз. Мұхтар Әуезов  Абайдың жеке басына түскен қиындығын, халық арасында болып жатқан шиеленісті қатар алып жүріп өз шешендігі мен тапқырлығымен барлығын реттеп әділ басшы бола білген. Романды бірнеше кезеңге бөліп отырды. Ол кезеңдер былай аталды:бала Абай, жас хакім Абай, данышпан дана Абай. Бұл шығарманың қазақ қоғамында алар орны ерекше, Себебі роман желісінде қазақ халқының тұрмысы,діні мен тілі,салт-дәстүрі жалпы дәстүрлерге:жазда жайлауға көшу,аза тұту,ас беру, жұт,болыстыққа сайлану, аң аулау міне осы дәстүрлер жазылған. Аба жолы романы тек тарихи емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмірін шындығы, халық тағдыры мен юолашағы жайындағы терең толғаныстың бірі. Қортындылай кетсек"Мұхтар Әуезов ғасырда бір туатын жазушы болса, Абай жолы-ғасыр туындысы, бір ғасырда бір туатын шығарма"

Жұлдызды блогтар