жеке
блог

Мен таңдаған мамандық

Адам өмірде екі нәрседен қателеспеу керек дейді. Бірі жар таңдауда, ал бірі мамандық таңауда. Ал мен мамандық таңдаудан мүлдем қателеспедім. Журналист болу менің бала күннен бергі арманым және алға қойған мақсатым. 

    Журналист менің ойымша нағыз талант иелері. Журналистика саласы екінің бірі таңдай бермейтін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін, әрқашан халқым деп адал еңбек ететін мамандықтың бірі де бірегейі. Өзі үшін болмаса да халық үшін бастарын қатерге тігіп,тәуекелге көп баратын, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, қуанышта да қайғыда да елмен өатар жүретін жандар. Журналист қиындығы көп төзімділікті талап етеді. Себебі халықтың небір пікірлері,небір басынан өткен оқиғалары журналисттерге үлкен әсер етеді.

     Шерхан Мұртаза атамыз айтып өткендей "журналистердің арқалағаны алтын, жегендері жантақ". Яғни бұл мамандыққа жүктелген міндеттер өте көп. Олар халық үшін жаздың аптап ыстығына, қыстың сақырлаған аязына төзіп,төтенше жағдай болса күн мен түніне қарамай тәулік бойы демаллыссыз елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Бұл мамандықты таңдағандар еш өкінбейді. Себебі олар ел үшін қызмет етіп халықтың ақ батасы менризашылығын алады. Оларға халықтың ақ батасы мен алғысынан асқан керемет дүние жоқ. 

      Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет ететін жандардың өздеріне тән ерекшеліктері өте көп. Біріншіден "Екінің бірі айтатын сөзді,екінің бірі айта алмайтындай етіп халыққа жеткізу". Екіншіден "елді сөзімен ғана емес, іс әрекетімен жұбатып, көмек қолын соза алады". Үшіншіден "олар төртінші билік өкілдері. Яғни олар жоғарыдағы аға әпкелерімізбен байланысып түрлі мәселелерді шешеді". Тәртіншіден "потриотизімді ұстанып өз еліне,атамекеніне адал қызмет көрсетеді". Өздеріңізде осындай жағдайларға да куә болып жүрген шығарсыздар. Сол себепті менің таңдауым дұрыс деп ойлаймын. Менде осындай журналист аға әпкелерім секілді халыққа адал қызмет етіп, бір кісідей атсалысып үлкен үлес қосқым келеді. Халықпен санасып, тығыз байланыс орнатып, өзімнің тек ресми ақпараттарым мен бөліссем деймін. "Біз қоғамға қажетпіз,қоғам бізге қажет" деп еңбек ететін журналисттердің қатарында болсам. Баршаңызға айтарым мамандықты жан қалауларыңыз бен таңдаңыздар, сол кезде ғана адал еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін жеп өкінбейтін боласыздар. Мамандықты дұрыс таңдау өзіңіз үшінде ел үшінде маңызды шешім.

Жұлдызды блогтар