“Әлемдік өркениеттердегі Әл-Фарабидің рухани мұрасы”

“Әлемдік өркениеттердегі Әл-Фарабидің рухани мұрасы”
жеке
блог

Ходжабай Мұхтар.
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында «Әлемдік өркениеттердегі Әл-Фарабидің рухани мұрасы» тақырыбында 10 кездесу өткізілуі керек еді, онда фарабитанушылар, филологтар, ақындар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері және журналистер әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы құнды ақпараттармен және зерттеу тәжірибелерімен бөлісті .
Осы мақсатта,16 қарашада Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тренинг өтті, оның спикері Қожабай Мұхтар болды. Ол ҚазҰУ мен Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық университетін бітірген, мұрағаттану, іс жүргізу және құжаттану мамандығы бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде Ақпараттық және Әкімшілік Технологиялар институтының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры. Сонымен қатар, ол Алматы еріктілер лигасының түрлі шараларына қатысады. Мұхтар Әл-Фарабидің қызметі мен өмірі туралы, осы тақырыпта қандай зерттеулер жүргізілгені және оның әлемдік маңызы туралы айтты. Іс-шараның мақсаты: қатысушыларға Әл-Фараби туралы білім беру болды.