Мен мамандығым мен мақтанамын...

Мен мамандығым мен мақтанамын...
жеке
блог

Әр адам өмір атты парақты бастап, шыр етіп дүниеге келгеннен кейін сол өмірді сүруі мен таңдауы, әркімнің тек қана өзіне жазылған өмір жолы болады. Дана Абай атамыз айтқандай "Адам өмірге  ішіп жесем деп емес көрсем , білсем"- деп келуі керек. Әрбір жеке тұлғаның мектепті аяқтағаннан соң үлкен өмірге қадам жасауы үшін ең бірінші өзінің болашағы үшін мамандық таңдаудан басталары сөзсіз. Бейқам балалық шақтан әр баланың көкейыне тоқып жүрген болашақ арманы болады.Сол арманға жету жолында көптеген баспалдақтан сүрінбей өтуге талпыныс жасайды. 

Адам мамандық таңдаудан жаңылмау қажет деп ойлаймын. Себебі сол таңдаған мамандығы оның өмір бойы айналысатын жұмысы.  Сол сияқты мен де өз мамандығымды таңдаудан еш қателеспедім. Өз сүйікті жұмысыма бар махаббатым мен жігерімды саламын.

Тәрбиеші- ол, баланың өмір жолында кездестіретін екінші анасы. Мен үшін тәрбиеші болу - әр қашан, қиял ғажайыпқа толы балалар әлемінде болуға үлкен мүмкіндік. Біздің мамандығымыздың басты талабы балаларды кез-келген жағдайда да жандүниеңмен жақсы көру. Мен үшін тәрбиеші болудың басты мақсаты әр баланың болмысы мен туа біткен қасиетін анықтау және дамыту. Осы бір қасиетті байқап уақытында ашу. Сондай ақ оның ашылмай жатып өшіп қалмауына жол бермеу, тәрбиешінің ерекше дарыны болып табылады.

Тәрбиеші- ол Отан сүйгіш адам. Отаны оған өзінің асыл қазынасы ел келешегін сеніп тапсырады. Тәрбиеші үшін шыдамдылық пен мейірімділік аса қажет асыл қасиеттердің бірі.Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сыр, құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала баяу, барлық нәрсені байыппен сабырлылықпен жасағанды жақсы көреді. Ал үшінші бала болса өз-өзімен отырғанды жаны сүйетін болып келеді. Оқу инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады. Себебі жаңа айтып өткендей әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші ол ғылым болып саналмайды ма? Сол себепті тәрбиеші әр баланың жас ерекшелігіне, мінезі- құлқына қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнау, бала болып күлу ол оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс.

Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі  болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен, оқу- білім қайнары мен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепте дейінгі мекеме тәрбиешілері, тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш сезімі кеудемді кернейді. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.

Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтың алға қойған мақсат- міндеті мен педагогикалық ұстанымы болу керек. Менің өмірімдегі ұстанымым жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілік пен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі...

Тәрбиешінің негізгі басты мақсаты- рухани бай , ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы педогогтер инфарматор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші,зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылық пен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Әр адам өз жолымен өмір жолын өзі таңдайды. Негізгі мәселе, мен таңдауымды дұрыс жасадым ба? Ия бұл өте дұрыс! Жылдар жылжып өткеннен кейін де мен сенімділікпен айта аламын: «Мен мамандығым мен мақтанамын. Мен бала жанының бағбанымын! Мен тәрбиешімін және де өз жолымды мақтан тұтамын!