Бала тілі бал

Бала тілі бал

 

Барлық кішкентай сәбилердің істеген іс -әрекеті үлкейген адамдардың жүзіне күлкі,қуаныш әкеледі. Олар ойнай бастаған сәтте қалай шаршап келгеніңді де ұмытып қаласың.Әр бір сыңғырлаған сөйлеген үні де өзіңді еріктіріп әкетеді. Қазақ халқы бала тілі бал деп босқа айтпаса керек.Кішкентай сәбилер шаңыраққа олжа болып келген бақыт секілді. Бір шаңырақта бір емес,екі емес он бала келседе ата ана қуанышы сөзбен жеткізерліктей оңай емес.Баланың тілі бал болатыны рас екен ау.Мен дүниеге келерде анам мені тоғыз ай құрсағында көтерген болатын. Мен кішкентай кезімде басқа балалар секілді тынымсыз,жылауық болмағанмын.Мен дүние есігін ашқанда ата-анам,туған-туыстарым,ағаларым қатты қуанған болатын.Өзімнің кішкентай кезімді айта берсем өте қызықты оқиғалар болған.

Әр бір сәбидің өзінің тәтті тілі мен іс қимылдары бар. Сәбиді тек ана ғана жақын таниды.  Бала анасыз ешқашан бірінші қадам жасамайды.Бала тілі - бал. Ересек адамдарға қарағанда, балалар үнемі шындықты айтады. Ақылды, тәрбиелі, білімді  бала тәрбиелеу - ата - ана мен ұстаз жетістігі. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Сондықтан, жақсы ұрпақ тәрбиелеу - ертеңгі болашағымыздың кепілі. Балаларды қорғау, аялау, жақсы көру - бар адамзаттың міндеті.        

 



Бөлісу: