ҚАЗҰУ «WEB OF SCIENCE AWARDS-2020» КӨШБАСШЫ АТАНДЫ

ҚАЗҰУ «WEB OF SCIENCE AWARDS-2020» КӨШБАСШЫ АТАНДЫ
жеке
блог

Clarivate Analytics халықаралық компаниясының тәуелсіз сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі онлайн форматта өтті.

«Web of Science» халықаралық ақпараттық-талдау платформасының деректері бойынша ҚазҰУ «Физика» пәні саласында «Web of Science Core Collection жарияланымдар саны бойынша көшбасшы» марапатына ие болды.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әлібек Исахов «Жоғары дәйексөзді қазақстандық автор» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды. Оның авторлығымен жоғары рейтингті басылымдарында 285-ке тең дәйексөздердің жиынтық санымен 36 мақала жарияланды.

«Қазақстандағы ғылымометрияны дамытуға және ғылыми қызметті бағалауға қосқан үлесі үшін» тәуелсіз марапатына ҚазҰУ-дың физика-химиялық зерттеу әдістері және талдау орталығының директоры, профессор Болат Кеңесов ие болды. Ол «Web of Science Core Collection» (индекс Хирша-14) деректер базасында индекстелетін басылымдарда 37 ғылыми жұмыс жариялады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары рейтингті ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша еліміздің жоғары оқу орындары арасында абсолютті көшбасшы болып табылады. Отандық авторлардың халықаралық дерекқорға кіретін басылымдардағы әрбір бесінші жарияланымы - ҚазҰУ ғалымдарының үлесінде.