жеке
блог

Бала тілі – бал

Шаңыраққа олжа болып түскен әрбір сәби ата-анасының көз қуанышына айналып , былдырлаған бал тілімен елітіп әкетері сөзсіз. Бауыр еті баласын жақындары да еркелетіп, әрбір қылығына тамсана қарап жатады.Кейде  межелі жасына жеткен бала екі сөздің басын біріктіре алмай тілі шүлдірлеп , ойын дұрыс жеткізбейтін кездер де болады. Алайда , кей әке-шеше үшін бұл анау айтарлық мәселеге айналмайды. Жүре-бара түзелер деген ұстаныммен , бұл жағдайды санасынан ысырып тастайды. Осылайша өсе келе буыны қатпаған періштенің тілінде мүкістік пайда болып , оның келешегіне қатты әсер етеді. Қоршаған ортасынан да оған бағытталған сөздер оның еңсесін түсіріп , тұйықталып кетуіне себеп болады. Сондықтан , бала 3- жасқа келгенде ойын анық білдіре алмаса , сөздерді дұрыс жеткізбесе арнайы тіл мамандарына жүгінген абзал. Логопед дәрігерлер қазіргі таңда дамыған технология мен сапалы емнің арқасында жоғарыда айтылып кеткен симптомдардан арылтуға мүмкіндік жасайды.  Арнайы массаждар мен жаттығулар жасатып , түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.

Дефектолог-логопед мамандарының пікірі бойынша бүлдіршіндердің миы 2-3 жаста жетіледі . Осы уақыт аралығына дейін балалар түрлі гаджет пен смартфондорға үйір болса олардың тілдік нормаларының дамуына қиындық түседі. Бұндай кері әсер беретін нәтижеден алыс болу үшін баланың қолына қағаз бен қарындаш беріп ой-өрістің , қиялдың дамуын жетілдірсе тіл тез дағдыланып кете алады.

Қазақ халқы тарихында да бұл мәселеге мән беріліп шешілу жолдары қарастырылған. Салт-дәстүр мен ырым - тиымдар арқылы тілдегі келеңсіздікті жоюға тырысқан . Мәселен , тілі толық жетілмеген жас баланы емдеу үшін нағашыларының қойын сойып ,оның өңешімен бүлдіршіннің мойнын қылғындырып ораған.  Осындай күтпеген жайттан шошып , қысылып тұрған буындары ашылып, анық сөйлеуге мүмкіндік туады деген ниетте болған. Бұл әрекеттен кейін қатты әсер алған кейбір жас балалар сөйлеп те кетіп жатқан.

Медицинаның толық дамымаған кезеңінде халқымыз осындай емдік шараларға жақын болған. Ал қазір , технология көз ілеспес жылдамдықта қарыштап жатқан кезеңде бірінші кезекте өз ісінің мамандарына жүгінген жөн.

Ең қызықты блогтар

Артық білімді кітаптан ізде!
БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша

Жұлдызды блогтар