Ұлылар ізін салған - ұлы мекен

Ұлылар ізін салған - ұлы мекен
жеке
блог

       Алатаудың баурайында орналасқан еліміздегі оқу орындарының қара шаңырағына айналған ең үздік білім ордасы - Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті талай жастың бағын жандырған , білімін шыңдаған асылдың көзі. Биылосындай қазыналы сандықтай  ұлттық университетімізге 86 жыл толмақшы

      Тарихы тереңге бойлаған ҚазҰУ- көпшіліктің арманы. Еліміздің үздік университетінде студенттер үшін  «Керемет» қызмет көрсету орталығы,    Ө.А Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, тамақтану комбинаты, ауқымы кең спорттық кешен, сымсыз интернет желісі жұмыс атқаруда. 

       Қазіргі таңда еліміздің көптеген жоғарғы білім ордаларында заң факультеттері бар. Солардың арасында терең білімімен талайларға танылған  ұлттық универсиеттің заң факультетіне биыл 60 жыл. Сондықтан, студенттерінің жан-жақты дамуына ықпал ете білетін бұл факультетті еліміздегі ең үздік оқу бөлімдерінің бірі деп атайаламынӨйткені бұл Зиманов С.З., Ваксберг М.А., Сартаев С.С., Абжанов К.А., Ургеншбаев К.С., Басин Ю.Г., Ударцев С.Ф., Сарсенбаев М.А., Жиренчин К.А., Каиржанов Е.И., Бектұрганов А.Е.сынды қазақ заң оқу жүйесінің негізін қалаған ұстаздар мен түлектері түлеп ұшқан қасиетті мекен.Бүгінде осы тұлғалардың жолын қуып жаңа заманның заманалы заң мен билік жүйесінде еңбегін өтеп жүрген Мами Қайрат, Әсет Исекешов, Донаков Талғат, Бекназаров Бектас, Сүлейменов Майдан, Байдельдинов Даулет, Тыныбеков Сериккали, Карагусов Фархад секілді нар тұлғалы азаматтарды атап айтса болады. 

      Факультетте тек қана теориялық білім  алып қана қоймай, түрлі сот процестеріне қатысу арқылы тәжірибиелік сынақтан өтуге болады. Одан өзге, факультет құрамында Қылмыстылықпен күрес мәселелері Орталығы, «Қазақстанның инновациялық дамуын құқықтық қолдау» ғылыми-зерттеу Орталығы, Құқықтық тәрбие Орталығы, Экологиялық қауіпсіздік және табиғат қорғау құқығы Орталығы, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін зерттеу Орталығы жұмыс жасайды.

        Одан өзге факультетте сот мәжілісі мен медиация оқу залы бар. Бұл сыныпқа  Алматы қалалық Сотының Төрағасы қызметін атқарған, Б.Сыртанов атындағы заң ғылымдары Академиясының премиясының лауреаты Ештай Ақжан Жайлауханұлының аты берілді. Осындай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар – студенттердің университет қабырғасынан бастап тәжірибие жинақтауына зор мүмкіндік береді.

Мен мадақ пен мақтауды қажет етпейтін, бір жылда әлемнің үздік оқу орындарының ішінен 236-шы орыннан 165-інші орынға жайғасқан қызығы мен шыжығы біте қайнасып жатқан ҚазҰУ-менмақтанамыз!