Youth leader Almaty

Youth leader Almaty
жеке
блог

2020 жылдың 27 қараша айында «Қазақстан Жастар Фракциясы» ҚҚ мен Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе «Youth leader Almaty»  жас көшбасшылар штабы жобасының марапаттау кеші ұйымдастырылады. Жоба 10 бағыт бойынша:

  1. «Жас көшбасшы»
  2. «Үздік студент»
  3. «Үздік жас мұғалім»
  4. «Үздік жас дәрігер»
  5. «Үздік жас журналист»
  6. «Үздік жас спортшы»
  7. «Үздік жас кәсіпкер»
  8. «Үздік шығармашыл жастар»
  9. «Үздік жас ғалым»
  10. «Үздік жас дебат ойыншысы»

номинациялары бойынша Алматы қаласынның 18 – 35 жас аралығындағы үздік жас көшбасшылар анықталатын болады.

Марапаттау кешінде жоба нәтижесі бойынша 10(он) номинация иегерлеріне мадақтамалар беріліп бағалы сыйлықтармен марапатталып және спикерлерге алғыс хаттар берілетін болады.

Іс-шараның  салтанатты бөлімінде «Қазақстан Жастар Фракциясы» Қоғамдық Қорынан Даулетова Жания және «Жас Қадам» Қоғамдық Қорынан Болатбеков Шохан  құттықтау сөз сөйлейді.

Коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын қарастырып, бетперде режимі қатаң түрде сақталатын болады.

Өтетін күні: 27 қараша 2020 жылы , сағ. 11:00

Өтетін жері: Абая 90 , 1 этаж, конференция залы

Жауапты: + 7 747 975 36 41 Әбдіхалық Есен

Электронды адресс: Fmk-2017@mail.ru