Есірткі – жас өмірді улаушы

Есірткі – жас  өмірді  улаушы
жеке
блог

Есірткі – жас  өмірді  улаушы

        Елбасының    Қазақстан    халқына    Жолдауында  көрсетілген    өзекті   мәселеленің  бірі – салауатты   өмір    сүру, оны   насихаттау.   Салауатты    өмір    сүру   дегеніміз  не    дейтін    болсақ,  ол — әлеуметтік  өмірді     жақсарту,  бос    уақытты   тиімді    пайдалану,  денсаулықты    сақтау     және  нығайту,  сапалы    тамақтану,   зиянды  нәрселерден  аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер    дегеніміз,  қазіргі     таңда    етек   алған,    заманымыздың    кеселді   дерттері —  шылым   шегу,    маскүнемдік,  нашақорлық.

       Жоспарға сәйкес біз мектебімізде нашақорлық тақырыбына әдеп сабақтары, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жоспарларына енгізіп жұмыс жасаймыз. Қашықтан түрлі әдістер арқылы  сұрақ- жауап, суреттер байқауы, баяндамалар өткізіп тұрамын.Мақсаты: Болашақта  шәкірттеріміздің салауатты өмірді таңдауына баулу.

Есірткі туралы жалпы мағлұмат
       Грек тілінде « ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштан-дыратын, сергітетін заттар да бар.
Есірткі  дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелдікке жол ашатын, жеке адамды психологиялық жағынан және экономикалық және әлеуметтік жағынан қиындыққа әкеліп соғатын заттар.
       Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.
       Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады, алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады. Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды. Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады. Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті базарда да  сатып  алуға  болады.                                                               Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін  болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады.Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады. Бір  пайдалансаң  жайың  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.  Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  сатына  қосылғанын  білмей  қалады.

        Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

 

       Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбе!

 

       «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,біздің алға қойған мақсатымыз:  зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – азаматтар мен азаматшалар болып өсу.

Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.