Жолдау-2020: негізгі міндеттер мен негізгі басымдықтар

Жаңа жолдар, қазақстандық бизнесмендерге несиелерді субсидиялау, өңірлерді дамыту бойынша жоспарлар, зейнетақы жинақтарын пәтер сатып алуға немесе емделу ақысын төлеуге жұмсау мүмкіндігі: Күздің бірінші күні жаңалықтарға бай болды. Бұл жаңалықтармен бөліскен басты ньюсмейкер еліміздің Президенті болды. Еліміздің сүйеніші Қасым-Жомарт Тоқаев халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жолдап, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Коронавирус елдегі мемлекеттік басқарудың көптеген салаларында біраз мәселелерін тудырды. Осы себепті Қазақстан мемлекеттік қызметшілер санының қысқаруынан бастап мектеп және ЖОО бағдарламасында жаңа пәннің, кәсіпкерлік негіздерінің енгізілуіне дейін түбегейлі жаңалықтарды күтуде.

Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған екінші үндеуі және екінші рет жаңа саяси маусымның ашылуында сөз сөйледі. Коронавирустық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып Парламенттің өзінде оны 200-ге жуық адам тыңдады және бүкіл ел болып халқымыз құлақ асты. Президенттің Екінші Жолдауын Елбасымыз алға қойған міндеттердің саны, сондай-ақ ұзақтығы (өткен жылға қарағанда жарты сағатқа ұзағырақ) бойынша да рекордтық деп атауға болады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев карантиннен кейінгі елдің жағдайына баға берді.

Жалпы, коронавирустық пандемия мемлекеттің ең маңызды мәселелерін айқындай түсті. Азаматтар билікке, ал министрлер мен әкімдер тығыз байланысты заңдарға шағымданды. Президент құқықтық жүйенің баяулығын мойындады. Оның пікірінше, шешім қабылдаудың баяулығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, жаңа шындықтың жаңа ережелері жедел әрі тиімді болғалы отыр. Бұл жағдайда, нақты жоспар – болашақ табыстың жартысы.

Мемлекет үшін басты басымдықтар анықталды. Алғашқысы экономикалық мәселер болса, кейінгі орынды осы қиын қыстау кезеңде әрбір азаматымызға қол ұшын созу, халықпен тиімді байланыс орнату болып отыр. Бұлармен қатар маңыздылардың қатарында мемлекеттік субсидиялауды қолға алу, ұлттық бизнесті қолдау, тұрғын үй мәселелері, жалпыдан жекеге өтіп, демографиялық мәселелерді шешу, қазақстандық отбасыларға аналық және әкелік қуаныш сыйлау мүмкіндігін арттыру және пандемия уақытындағы өз әлсіздігін көрсеткен отандық денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын күшейту мәселесі жатыр.

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін алға бастап, білім беру сапасын жақсартуды қолға алуымызды талап етті. Оқушы қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшіп, оны орта білім берудің ұлттық стандартының негізі етуіміз тиістігін атап өтті. Дарынды баламен жұмыс жасау мақсатында Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу тапсырылды. Білім саласындағы маңызды мәлелелер қатарында: жоғарғы білім сапасының төмендігі, түлектерді жұмыспен қамту көрсеткішін арттыру, диплом сатуды тыйым салу, оқулықтар сапасын жақсарту, ғылым саласындағы ахуал.

Жолдау баршаға түсінікті: өткеннің рахатымен өмір сүретін уақыт өтті. Пандемия өзгерістерді талап етеді. «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін!» дей қорытындылай келе ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артып отыр.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдер кафедрасы

Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының

2 курс магистранты Саинова Р.Р.

 

Медетбекова П.Т

Филология ғылымдарының кандидаты



Бөлісу: