БЕЙБІТ ӨМІРГЕ АРНАЛҒАН САНА

Әбу Насыр әл-Фараби – адамзаттың ұлы философтарының бірі ғана емес, сонымен қатар адамзат тарихындағы өркениеттер философиясын барлық қырлары мен тереңдігімен ашқан алғашқы және жалғыз ойшыл. Ол мыңдаған жылдар бұрын адамзаттың барлық сапалы іс-әрекеттерінің ішіндегі ең құндысы және тұрақтысы болып табылатын өркениет шындығын бүгінгі мағынасынан гөрі прогрессивті жолмен ашқан. Өз философиясында «сана» ұғымы басты орын алады. Ол үшін бұл объектілердің мәнін және олардың арасындағы әмбебап байланысты білуге бағытталған – адам рухының қабілеті мен қызметі. Ол «даналық дегеніміз – әрбір түпкі нәрсенің шекті себептерінің оған мәлімділігі» деп санайды. Ұлы ұстаздың даналығы бүгінде үлкен мәнге ие!

Қазақ Ұлттық Университеті 85 жыл бойы ұлы ойшыл, ғалым-энциклопедист, шығыс ұстазы әл-Фарабидің есімін әлі де абыроймен атқарып келеді. Әл-Фарабидің ізгілікті қоғам туралы идеяларына сүйене отырып, Қазақ ұлттық университеті жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформаның симбиозы Smart City инновациялық жобасын іске асырды. Сонымен қатар, білім беруді нығайта отырып, инновация жасауда және адами капиталдың сапасын жақсарта отырып, жоғары білім ордасы еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыру үшін лайықты жұмыс атқаруда.

Бүгін де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әл-Фарабидің 1150 жылдығына, БҰҰ-ның 75 жылдығына орай ғаламдық конференция өткізілді. Бұл конференцияның басты арқауы бейбіт өмір үшін бірігуге шақыру болды. Жаһандық ынтымақтастық пен әріптестік адамзат алдында тұрған орасан зор қиындықтарды жеңуге және жарқын болашақты құруға көмектеседі. Бұл тұжырым мен «Бейбіт өмірге арналған сана» конференциясының тақырыбы ұлы ойшыл әл-Фарабидің қайырымды қоғам құру үшін адамдарды біріктіру идеяларымен үндес. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «қазіргі заманғы университеттердің жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытудағы ұлтүсті рөлі бірлескен іс-қимыл алгоритмдерін тиімді құруға және қоғамның болашақ дамуында шешуші рөл атқаруға мүмкіндік береді деп санаймыз. Ұлттық және діни көзқарасқа қарамастан, бірге дауласпай және қастаспай бейбітшілікке жету үшін күш біріктіре аламыз» деп айтқандай жалпыадамзаттық құндылықтар адамның саналы өмірін ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады. Бұл адамдардың өмірін мағыналы, мақсатты және бақытты ете алады, яғни тек өткеннің ғана емес, сонымен қатар қазіргі кезеңнің де құндылығы. Әрине, мұның бәрі адамнан оқу-тәрбие процесінде шығармашылық және жүйелі пайдалану үшін байыпты жұмыс, сана, ақыл-ойды қажет етеді. Менің ойымша, оқу-тәрбие жұмысында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды шығармашылық тұрғыдан қолдану тәрбие мен адам өміріндегі бақытты қамтамасыз етудің барлық қиындықтарының кілті деп сенемін!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

магистранты Саидваққасова А.Х.

                      PhD докторы, А.М. Досанова



Бөлісу: