ҚАЗҰУ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК 200 УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ
жеке
блог

ҚАЗҰУ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК 200 УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ҚазҰУ – әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны.

Канагатова Айдана Ильясовна, Досанова Альбина Маратхановнаның жетекшілігімен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, e-mail: idanka.kz@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейде де үздік көшбасшы университеттердің бірі екенін дәлелдеп өтті. ҚазҰУ Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 2020 жылы әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кем дегенде 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндетін алғашқы болып орындап шыққанын мақтанышпен айта аламыз.

Әлемдегі ең танымал QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы сараптамалық агенттігі QS World University Rankings әлемнің үздік университеттерінің жыл сайынғы тізімін жариялады. Айта кетсек, Қазақстандық жоғары оқу орындары аталған рейтингке 2014 жылдан бастап қатысып келеді. Биылғы зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық рейтингте 165-ші орынды иеленді.

ҚазҰУ әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішінде қарқынды дамуды көрсетіп, шетелдік сарапшыларда назарын өзіне аудартты. Қазақстандық жоғары оқу орныны дамудың үлгісі ретінде халықаралық аренада талқыланып қана қоймай, көптеген шетелдік университеттер ҚазҰУ-дың тәжірибесін нәтижелі деп тауып, қолданысқа енгізуде.

Жаһандық рейтингте үздік унивеситеттер қатарынан орын алуы университет ректоры академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен атқарылған ҚазҰУ ұжымының ерен еңбектерінің жемісі деп білеміз. ағылшын тілінде білім беру және алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлесе отырып жүзеге асқан қос диплом бағдарламасының нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп шетелдік студенттер ҚазҰУ-да білім алуда. Сонымен қатар, «Майкрософт» компаниясы ҚазҰУ цифрлық моделін ең озық тәжірибелердің бірі ретінде таныды. ҚазҰУ ғалымдарының халықаралық рейтингі жоғарғы журналдардағы жарияланымы арта түсті. ҚазҰУ әлемнің 12 елінде әл-Фараби орталықтарын ашты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктерде өзінің көшбасшылық деңгейін дәлелдеу үстінде. Әлемдегі алдыңғы қатарлы 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.

QS Quacquarelli Symonds жаһандық ғылыми-зерттеу кеңес беру орталығымен дайындалған QS World University Rankings әлемдік университет рейтингі әлемнің 1000 үздік университеттерін бағалайды.  Биылғы жылы сол қатарға  қазақстандық 10 университет ерекше серпіліспен еніп отыр.