ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - еліміздегі ең үздік университеттерінің қатарына кіреді. Қазақ ұлттық университеті - «World University Rankings» QS халықаралық рейтингісінде әлемдегі ең жоғарғы университеттердің 210-ына кіретін Орталық Азиядағы жалғыз университет. ТМД елдерінің университеттері арасында «QS WUR by Subject» пәндік рейтингісінде әлемдегі ең жақсы университеттердің 51-100 тобына кірді. ҚазҰУ-дың рейтингтерде сәтті, маңызды факторы - ауқымды құрылымдық модернизация, нәтижеге бағдарланған басқарудың жоғары тиімділігі және бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы, соңғы бес жылда 50% -ға өсті. Университетіміз «Алтын Сапа» белгісімен марапатталған.

Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің атын иемденген іргелі білім ордасы 180 сала бойынша білікті мамандар даярлайды. Университетімізде бірнеше жоғары білікті оқытушылар, ғылым докторлары, философия докторлары, кандидаттар, академиктер, аға оқытушылар бар. Білім беру ісі Болон реформасымен сәйкес жүргізіледі, оқыту кредиттік жүйе бойынша іске асады. Корпоративті Интранет жүйесі жолға қойылған. «Бакалавр – Магистр – PhD» сатылары бойынша, білікті, жан - жақты мамандар оқытылады. Ел тарихындағы талай тұғырлы тұлғаларды, қайраткерлерді, жоғары лауазымды тұлғаларды түлеткен білімнің қарашаңырағы - Қазақ ұлттық университеті!

Биылғы өзгерістердің орын алуына байланысты көптеген оқу орындары мен білім ошақтарында қашықтықтан оқыту жүргізіле бастады. ҚазҰУ қашықтықтан оқыту үдерісін іске асырып келе жатқан университет. Оқу ордасына бұл талап ешқандай залалын немесе кері әсерін бермеді десек те болады. Өйткені, шетел университеттерінде білім алмасып жатқан студенттерімізге оқу барысында академиялық мобильдік, қосдипломдық бағдарламалары арқылы іске асады. Індеттің таралмауына байланысты отандық білім алушыларымызға осы жылдың 16 наурызынан бастап білім қашықтықтан оқытылып жатыр. Оқу процесі «Универ», «ZOOM», «MOODLE» платформаларында өтіледі. Дамыған техникалық программалар аясында қажетті, сапалы білім беріліп отыр. Оқыту жоспар бойынша өз уақытысында онлайн видеоконференциялық форматта өтіп жатыр.

Еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Қазір дәстүрлі қашықтықтан оқыту, электронды қашықтықтан оқыту, аудиториялық сабаққа түрлі электронды құралдарды пайдалану сияқты қашықтықтан оқыту үлгісінің 2000-ға жуық түрі бар. Жоғары оқу орындарында кейс, желілі және телевидение сынды ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының көмегімен қашықтықтан оқыту түрі таңдалған. Қашықтықтан оқыту барысында білім сапасын арттыра түсу үшін оқытушыларда жоғары дәрежеде көп күш жұмсап жатыр. Білім алушыларда білімдерін жетілдіріп, алға қарай қадам басып келеді. Қашықтан оқыту жаңа бір үрдіс емес, жандану, даму.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білікті, ізденімпаз, талапшыл, шығармашыл, жан-жақты, тілмаш, қабілетті студенттердің мекені мен ордасы. Қара шаңырағымыз әлі талай жетістіктерге, белестерге және де Қазақстанымызды көркейтер білікті мамандар даярлап шығарына сөзсіз сенімдіміз.

Магистрант: Әзімхан Фариза Талғатқызы.

Ғылыми жетекші: Жамбылқызы Марина. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропалық тілдер кафедрасының аға оқытушысы, PhD

 



Бөлісу: