Қазақ елінде 2020 жыл – Абай жылы

Қазақ елінде 2020 жыл Абай жылы

     Ұлы Абайдың шығармашылығы заманауи Қазақстанның социумда, әсіресе еліміздегі жастар арасында отанға, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілік сынды құндылықтарды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Ақынның мерейтойын тойлау бұл халықтың одан әрі рухани адамгершілігінің дамуына бағытталған ауқымды оқиға болмақ. Абай – қазақты, оның болмысы, келешегі туралы терең толғады. Елі үшін сүйінді, күйінді. Кемшілікті жанға батырып, бүкпесіз ашық айтты. Сондықтан тұлғаны тану – мерейтойдың түпкі мәні деп толық сеніммен айта аламыз. Мерейтойдың межесі – Абай тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Бұдан бөлек Абайдың әкесі Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлі зор. Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар өз мәресіне жетіп қалды. Біздің университет 85 жылдан астам уақыт бойы қасиетті есімге кір келтірместен Абайдың бай шығармашылық мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа қалдырған өсиеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Біздің университетіміздің, яғни Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультеті де, 80 жылдан астам уақыт бойы қасиетті есімге кір келтірместен Абайдың бай шығармашылық мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа қалдырған өсиеттерін мүлтіксіз орындап келеді.  2020 жылдың сәуір – мамыр айларында  филология және әлем тілдері факультетінің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысышылары мен магистранттары онлайн оқу іс-шарасын өткізді. Шара қазақтың ұлы жазушысы және ойшылы Абай Құнанбаевқа арналды. Іс-шара барысында студенттер Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде оқып, Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентациялар дайындады. Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалайды. Айтылған сөз, жазылған жауһар ойлар бірінші кезекте соларға бағытталады. Жат мінез-құлықтан аулақ болудың нақты жолдарын меңзейді. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің» – деп толғайды ұлы ғұлама. Замана атты ұлы күштің, феодализм дәуірінің құрсауында қалып қоймай, ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді. Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. XXI ғасырда өмір сүріп жатқан азаматтар, әсіресе, жас толқын үшін осы айтылған өсиеттердің құндылығына ешкім де шек келтіре алмайтын шығар. Абайдың «Толық адам туралы» тәлімі жоғары адамгершілік нормаларын, рухани мәдениетті және жастардан жан-жақты білімді талап етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтып өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі». Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады. Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абай есімі жаңа Қазақстанның брендіне айналуы керек, сондықтан оның шығармаларын біздің елден тыс жерлерде де кеңінен насихаттау қажет.

 

 

Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Филология факультетінің, Еуропа және әлем тілдері

Кафедрасының оқытушысы

PhD доктор КүзембековаЖ.Ж

2 курс магистранты

Ермаханбет Нүрилә Ринадқызы



Бөлісу: