Шәйдің сіз бен біз біле бермейтін сыры

Шәй ішу дәстүрі ежелгі Қытай елінен бастау алады. Аңыз бойынша желмен ұшып келген шәй жапырақтары қытай императоры үшін дайындалып жатқан ыдыстағы қайнаған суға түсіп кетеді (б.з.д VI ғ) Сусын өзінің дәмімен және хош иісімен билеушіні қатты қызықтырады. Сол күннен бастап ол өзінің қол астындағыларға шәй демдеп, оны ішуді бұйрады. Ал Ресейге 1638 жылы келіпті. Орыс елшілері Стариков Мәскеу патшасына Моңғол ханының сыйлыққа берген шәйын әкеліп береді. Алғашқыда патша бұндай сыйлыққа қатты ашуланыпты Бірақ кейін жаңа сусын патшаның көңілінен шығады. Шәйды сүйсініп ішетін ағылшындар әу баста шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алған екен. Бірақ қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады да елге келісімен оны жариялап, таратады.

Ыстық шәй ағзаға зиян

Шәйды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шәй кеңірдікке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шәй ішу ішкі органдарды ауыруға ұшыратады. Температурасы 62°С – тан жоғары асқан шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы °56 С – тан аспауы тиіс. Шәйды дайындау үшін суды ұзақ қайнатқан дұрыс.Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компонеттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмі мен хош иісінен айырылады. Шәйды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлдем болмайды. Әдетте, үш - төрт қайнағанан кейін шай жапырақтарында пайдалы заттардың 50% - ы екінші қайнатқанда 30% -ы қалады. Осылайша,оның құрамындағы пайдалы заттар біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.

Қандай кезде шәй ішпейді ?

Шәйды көп ішетін елдер арасындағы зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың қалай шәй ішетіні жайлы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шәй ішкенде уақыт та, орын да, талғамайды. Кез-келген тамақтың бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Бірақ дәрігерлердің кеңесі бойынша шәйды оңды-солды ішуге болмайтындығын айтады ол денсаулыққа зиян

Аш қарынға суық шәй ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян. Керсінше,жылы шәй бойды сергітіп сананы сейілтеді. Суық шай ағзаны тітіркендіреді.

Тағамның алдында шәй ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, дім сезуді қиындатады.Мұндай жағдайда ас қорыту процесін протеиінді сіңіру уақытша азайып кетеді.

Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағаттай күтіңіз.Өйткені шәй құрамындағы тайнин, протейн мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі

Дәріні шәймен ішпейді. Себебі шәй құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендете түседі. «Шәй дәріні бұзады»,-дейді ежелгі қытай ойшылдары.

Шәйдің емдік қасиеті:

Сүт қосылған қою шәй дәрі-дәрмектен,ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады

Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шәй қоспаларының қою, салқындатылған тұмбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы,коньюктивит кезінде көзді жууға болады.

Жас шәй жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шәйды шайнау – жүрек айнығанды басуға көмектеседі. Көк шәйдын қою тұнбасы денедегі жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған уақытта асқазан мен ішек жараларын жазады

Көк шәй тұнбасы қан қысымын түсіреді.Шәйді тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шәй тұмбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды. Шәй бүйректе тас байлануын болдырмайды. Сондай-ақ қан құрамын, жүрек қызметін жақсартуға атсалысады.



Бөлісу: