Есірткісіз өмір ғажайып. Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ байқауына

Есірткісіз өмір ғажайып. Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ байқауына
жеке
блог
Есірткі... Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың.
Деніміз сау болмаса шалқыған байлықтан, қалтадағы ақшадан не пайда?
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі болма бермейді. Сол денсаулығымызға кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде.
Нашақорлық – тұңғиық түбі., адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Нашақорлық өмірі қайғы қасіретпен аяқталуының естіп те көріп те жүреміз.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйгке түседі. Өзінің денсаулығын өмірін құртып қана қоймай жақындарының қоршаған адамдардың өмірін де қауіп туғызады
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/26535/