Caravan of Knowledge

Қазақстанда қызықты , интелектуалды үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын тың жоба бастау алды. «Білім керуені» атты  жоба білім беру саласындағы белсенділікті арттыру мақсатында онлайн платформалар арқылы  қызметкерлер ,ата-ана мен оқушылардың   және басқа да ізденісті жақсы көретіндердің ортасына көпір салып ,  тұрақты байланыс орнатады. Сондай-ақ талантты оқытушы мен шәкірттерге гранттар бөліп олардың білімге деген құштарлықтарын арттырады.

Аталмыш бағдарлама STEM (  Scinece – жаратылыстану ғылымдары ; Technology- технология ; Engineering – инженерия; Math-математика) салалары бойынша қатысушыларының дамуына ат салысады. Білім керуені платформасында онлайн кітапхана ( вебинарлар , мақалалар , сұхбаттар , конкурстар) , білім алушылар мен педагогтарға арналған түрлі форумдар  және курстардан өткеннен кейін берілетін сертификаттар қарастырылған.

2000 – жылдардың басында танымал бола бастаған STEM білім беру жүйесі бүгінде Еуропаның алып мемлекеттеірнде сұранысқа ие бағдарламалардың қатарына қосылды. Технология мен ғылым қарыштап дамыған сайын STEM саласында мамандарының қажеттіліктері арта бастады.  Қазіргі таңда біздің елімізде де жанданып жатқан бұл бағдарлама өз қатысушылары мен шәкірттерін ғылыми биікке шығаруға  ықпалын тигізіп жатыр.

STEM онлайн практикумдарының биылғы кестесінде мектеп директорлары ,мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Білім беру саласындағы менеджмент» онлайн курсы , Arduino бағдарламасы арқылы инженерлік ғылыми бағытта ракеталар жасау , бағдарлама орнату , пластикті қайта өңдеу сияқты практикалық сабақтартар өткізетін  «мектеп бағдарламасынан тыс STEM салалары бойынша ізденіс» онлайн курсы, ерекше қажеттілікті талап ететін оқушыларға «STEM бәріне ортақ» онлайн курсы , оқытушылар мен ұстаздарға арнайы ақпараттар беруге арналған  «жалпы білім беру саласындағы STEM рөлі» апталық онлайн тренингі , мұғалімдер , оқу ісі меңгерушілеріне  «Тиімді педагогика: мектептерде стем оқыту құралдары» апталық онлайн тренингі , «STEM және болашақ сұранысқа ие дағдылар» цифрландыру және болашақта маңызы бар мамандықтар жөнінде мәлімет беретін онлайн тренинг,  «Білім стратегиясы; болашақ мектептер қандай болу керек?» стратегиялық шешімдер және білім саласындағы саясат мәселесі бойынша тренингтер жоспарланған.

«Білім керуені» онлайн платформасының қанжығасында (2020 жылдың 14 тамыздағы дерегі бойынша) бүгінгі таңда 32 білікті спикер  ,90 түрлі марапат, 27 сұхбат , 7 вебинар ,1 курс,60 мақала мен 34 ғылыми материал бар. Бұл көрсеткіштер аталмыш жобаның бірталай уақыт ішінде жеткен жетістігінің айқын көрсеткіші.

Бұдан бөлек  керуенде онлайн конкурстар да тұрақты өткізіліп тұрады. Мектеп оқушылары ,Жоғарғы оқу орны студенттері мен ұстаздарға арналған шаралар өз жеңімпзадарына марапат пен қоса үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Мәселен , оқушыларға арнап биыл 2 конкурс ұйымдастырылды: Vex виртуалды роботын бағдарламалау, Ковид-19 вирусына қарсы ғылыми жоба. Екі байқауға барлығы 106 оқушы қатысты. 30 жеңімпаз Ардуино жиынтығымен марапатталды, 20 жүлдегер ракета жасау жиынтығымен марапатталды. Сондай-ақ, барлығын 27-31 шілде күндері онлайн практикумға шақырды. Бір аптада Ардуино топтамасымен тағы 10 белсенді қатысушы марапатталды. Педагогикалық ЖОО студенттеріне немесе жас оқытушыларға арналған 2 конкурс өткізілді . 1 – ші эссе жазу конкурсы, сабақ жоспарын құру бойынша тағы бір конкурс. Қатысушылардың жалпы саны  120-дан астам. Жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды. STEM мұғалімдеріне арналған  байқау жаздың соңғы айында өтті. Бірлескен ұйымдастырушылар - Science on Stage Qazaqstan. Байқаудың 30 жеңімпазы 2021 жылдың көктемінде ұлттық фестивальдің финалында өздерінің білім беру жобаларын, сондай-ақ Білім керуені мен Science on Stage Europe еуропалық қауымдастығынан тегін біліктілікті арттыру курсын таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Бисенова Рысжан

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика кафедрасы 3 курс

 

 



Бөлісу: