жеке
блог

Адам неге оятқыш қоңырау соғылуына сәл уақыт қалғанда өзі оянады?

 Біз таңертең оятқыш соққанға дейін тұрғанда оятқыш қоңырауының соғылуына көп уақыт қалған шығар деп ойлаймыз. Бірақ оятқыштың соғуына бірер секундтар қалады. Бұл әр адамның басынан өткен жағдай. Сонда біздің ағзамыз өзі оятқыш коңырау сияқты жұмыс жасайды екен.

Біз барлық процестер мидың көмегімен бақыланатын күрделі биологиялық жүйенің иелеріміз. Оның бір аймағында-гипоталамуста – біздің биологиялық сағаттарымызды-циркадиялық ырғақтарды реттейтін супрахиасмотикалық ядро бар.

Біздің планетамыздағы барлық тірі организмдерде циркадиялық ырғақтар болады. Олар гормондардың өндірісі сияқты әртүрлі биологиялық процестердің қарқындылығын бақылайды. Көбінесе циркадиялық ырғақтар күн мен түннің өзгеруіне байланысты болады, бірақ біздің денеміз күнделікті өмірге өте жақсы бейімделуді біледі. Сондықтан  биологиялық сағаттарымызда біз оянатын және ұйықтайды уақыттарды  "есте сақтайды". Үлкендерден күнде бір уақытта оянып, бір уақытта ұйықтасақ, бұл әдетке айналады деген сөздерді жиі естиміз. Ал негізіне келетін болсақ, бұл әдет - біздің ағзамыздың осы уақытты жаттап алуында екен.

"Ұйқы-ояу" циклын өзгертуде PER1 ақуызы үлкен рөл атқарады. Денедегі оның деңгейі төмендеген кезде біздің жүрек соғуымыз баяулайды, қысым мен температура төмендейді. Бұл ұйқы процесінде орын алады. Оянғаннан кейін деңгей жоғарылайды, дененің биологиялық процестерін жылдамдатады. Расында да, біз ұйқыдан тұрғанда өзімізді сергек сезінеміз.

Оятқыштың соғылуы әрқашан дене үшін стресс болып табылады. Стресті азайту үшін біздің организміміз өзі қоңырау соғылар кезде PER1 ақуызының циркадиялық ырғағын реттей бастайды. Сондықтан біздің денеміз ерте оянудың стресстерін сезе бермейді: тіпті түсінде де жүрек соғу жылдамдығы, қысым біртіндеп артып, гормоналды фон жоғарылайды. Уақыт өте келе ми ояту уақытына бейімделеді, сондықтан біз оятқыш қоңыраудың соғылуына дейін бірнеше минут қалғанда  көзімізді ашамыз. Организм бізді өзі оятқан кезде оған құлақ салыңыз, өйткені дәл осылай оянғанда оятқышпен оянғанға қарағанда өзімізді әлдеқайда сергек әрі жақсы сезінеміз!

 

Мерей АУҒАЛИ

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда