Ғылыми кешен – көшбасшы ҚазҰУ

Ғылыми кешен – көшбасшы ҚазҰУ
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасындағы ең жетекші,көш бастап тұрған университет болып табылады.Жыл өткен сайын бұл білім ордасы,әлемдік университеттер рейтингі бойынша ілгері жылжып келеді.

 Білім ордасы жоғарғы білікті мамандарды даярлауға,әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға,өндіріске енгізілетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған кең көлемдегі білім,ғылым рухани-тәрбиелік негізге ие.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-бұл көптеген мамандықтарды таңдауға мүмкіндік беретін оқу орны және ғылыми кешен. 180-нен астам мамандықты қамтиды.Қандай мамандықты таңдасаңыз да,жоғарғы білімді,рухани тәрбиелі,қазіргі заманға сай кең көлемді,білікті мамандық иесі бола аласыз.

 ҚазҰУ-Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан көшбасшы. Сондай –ақ ҚазҰУ мемлекеттік білім беру тапсырмасы оқу гранттары бойынша көшбасшы болып саналады.

Қазіргі біз жылу және техникалық физика кафедрасының 1-ші курс магистранттарымыз.Техникалық физика мамандығы бойынша дәріс алудамыз.

ҚазҰУ-дың басқа университеттерден ерекшелігі ғимарат қаланың орталығында орналасқан.

Студенттер бұл аймақты «ҚазҰУ-дың қалашығы» деп атайды. Университет қабырғасында шамамен 2 миллиондай кітап қоры бар кітапхана орналасқан.Кітапханада студенттердің ізденуіне,білім алуына керекті жағдайдың бәрі жасалған.Сонымен қатар спортпен шұғылдануға арналған арнайы спорттық кешен және шығармашылықтарын арттыру үшін көптеген ұйымдар,кәсіподақтар жұмыс жасайды.

Мектептен түлеп ұшқан,университет қабырғасына алғаш түскен студент ойында «Не істеймін» «Қайда тұрамын» деген сұрақ пайда болмайды. Себебі қалашықта арнайы,басқа елдерден,облыстардан келген студенттерге арнайы салынған жатаханалар бар.

Әлем бойынша сирек кездесетін өзінің «Керемет» атты студенттерге қызмет көрсету орталығы,банк,мини-маркет т.б қызмет көрсету орталықтары бар.

Биыл Ғұлама ғалым,әлемге әйгілі ойшыл философ,социолы Әбу Насыр Әл-Фарабидің туылғанына -1150 жыл.Осындай ғұлама ғалымның атындағы университте оқып,білім алып,магистрант атанғанымызға қуаныштымыз,өзімізді бақытты санаймыз.

ҚазҰУ-дың ұстаздарына алғысымыз шексіз.

ҚазҰУ-ды мақтан тұтамыз.

 Түркіден шыққан данасы

Ғылыми еңбек дарасы

Әл-Фараби аталған

Қазақтың ұлттық ордасы

Киелі жердің тумасы

Аристотельден бата алған

Әлемге әйгілі ойшыл бар

Әбу Насыр Мұхаммед-Әл Фараби аталған

Ғылыми кешен көшбасшы

Әлемдік білім негізі

Білікті маман дайындап

Ұшырған түлек жемісі

Қазақтың ұлттық ордасы

Мемлекет туын көтерген

Білімнің қуып жобасын

Көшбасшы-грант өтелген.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Физика техникалық факультетінің магистранттары: Шуртанов Бауыржан Уразалиевич, Бақыт Зәуре Әділжанқызы, Куйкабаева Айжан Амангалиевна