Менің сүйікті университетім

Менің сүйікті университетім
жеке
блог

Өткен жылы еліміздің алғашқы университеті – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылғанына 85 жыл толды. Жоғары білім беру жүйесінің тұрақты авангардында бола отырып, ҚазҰУ ғылыми тұрғыда дамудың даңқты жолынан өтіп, бүгінгі таңда Қазақстанды беделді халықаралық ғылыми - білім беру қауымдастықтары танытуда.

 

ҚазҰУ бүгінгі таңда елдің ең жоғары оқу орны болып қана қоймай, мемлекет басшысының стратегиялық бағытын іске асыру барысында білім беру саласындағы сапалы позицияларды бағындырып отыр. Биылғы жылы QS-да " WUR by Subject " бес пәндік салада әлемнің 1200-ден астам университеттері  сараланды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚазҰУ "өнер және гуманитарлық ғылымдар" пәні бойынша 339 - дан 277-орынға, сондай-ақ "әлеуметтік ғылымдар және менеджмент" пәні бойынша 351-орынға көтерілді.

 

"Қазіргі тіл білімі" мамандығы бойынша ол, әлемнің ең үздік 100 ЖОО-на кіреді, ал лингвистика саласы бойынша 250 үздіктердің қатарына қосылды. Сонымен қатар, аталған көрсеткішке математика, экономика және экономометрика, физика және астрономия мамандықтары енді. Әлемдік стандарттарға сай болу үшін ҚазҰУ инфрақұрылымды белсенді дамытуда. Мәселен, 9 жыл ішінде 8 ірі жаңа нысан пайдалануға берілді. ҚазҰУ сондай-ақ , IT технопаркі , инновациялық және медициналық класстерлер құрамына кіретін Әл - Фараби ғылыми-технологиялық алқабын құрумен айналысуда. Бұл оқу орнын дамыту үшін көптеген инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

 

ҚазҰУ қазіргі таңда, әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік рейтингтерде едәуір жылжып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2019 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижесі бойынша жетекші қазақстандық университет әлемнің үздік ЖОО тізімінде 207-орынға ие болды. ҚазҰУ еліміздің жетекші университеті ретінде Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған - әлемнің 200 үздік ЖОО тізіміне қосылу мақсатында жұмыс істейді. Соңғы бес жылда университет "QS WUR" рейтингісінде 400-ден астам позицияға көтерілді.

 

ҚазҰУ басқа да беделді халықаралық рейтингтерде де алға жылжудың жоғары қарқынын көрсетуде. Мәселен, "Times Higher Education" Британ агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азиядағы бірінші болып әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді. "UI Green Metric Ranking of World Universities" ең үздік экологиялық университеттердің жаһандық рейтингісінде 172-орынға ие болды.Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатаның рейтингісінде "АА" бағасына ие болып, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарына қатарына қосылды. Белгілі халықаралық "Great Value Colleges" ұйымының (АҚШ) зерттеу қорытындысы бойынша университет технологиялық дамыған жоғары оқу орындарының арасында 31-орынды иеленді.

2018 жылдың 19 сәуір күні Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-не БҰҰ-ның 2020 жылға дейінгі тұрақты даму жөніндегі жаһандық хабының мәртебесін тапсыруға арналған баспасөз конференциясы өтті. БҰҰ Бас хатшысының жаһандық коммуникация жөніндегі орынбасары Алисон Смейл қол қойған серитификатты тапсырғанда, БҰҰ-ның Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беруде ғылыми көшбасшысы болып  табылатынын ескере отырып, оның тұрақтылық бойынша БҰҰ Жаһандық хабының өкілеттігін әлемнің мыңдаған университеттерінің арасында білдіру үшін үлкен абыройға ие болғанын айтты.

 

Университет тарихы әрбір табысты қадамда, ғылыми ашылуда, күнделікті педагогикалық қызметте және оның инновациялық игеруінде біздің өткен тәжірибеміздің бір бөлшегі бар екенін дәлелдеді. Бүгінгі жетістіктер ҚазҰУ-дың 85 жылдық тарихымен және қалыптасқан дәстүрлерімен көрініп отыр.