жеке
блог

Қазіргі таңдағы қазақ журналистикасы

«Журналистика — күнделікті өмірдің жаршысы». Сондықтан журналистика әр кезде өз биігінен көрінеді. Кеңес үкіметі тұсында цензураның мысы қатты болды. Ол кездегі қаламгерлер саясат, экономика жөнінде өткір мақалалар жаза алмады. Сондықтан қаламгерлер өнер мен мәдениет тақырыбын азық еткенді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша. Қоғам алмасқанда журналистиканың баяғы деңгейінің артта қалғанына көзіміз жетіп отыр. Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейі қандай?-деген сұраққа жауап беретін болсақ- қазіргі қазақ журналистикасы еркіндіктің босағасында, оның өзінің деңгейі мен дәрежесі бар. Кез-келген тақырыпта, кез келген мәселеге қалам тарта алады. Ол баспасөздің, Бақ құралдарының еркіндігі десек те болады. Алайда, жас журналистерге көбірек көңіл бөлу керек секілді. Себебі, журналистік жоғары білім берудің әлемдік стандарттарын жүзеге асыруда елеулі қиындықтар бар. Ең алдымен жоо-ның материалдық базасының сын көтермейтінін атап айтуға тиіспіз. Әлемнің жоғары дамыған өркениетті елдерінде “студенттің санынан компьютердің саны асып түскен жағдайда” ғана талапқа сай деп танылады. Біздің елде бұл көрсеткіш өте төмен. Сонымен қатар, жергілікті университеттердің журналистика кафедраларында білікті мамандар жеткіліксіз. Ал, кейбір мамандар жеткілікті оқу орындарының өзінде журналистика кафедраларын өзге саланың адамдарына, көбінесе журналистиканың теориясы мен практикасынан бейхабар адамдарға басқартып қоюы жоғарыда айтқан ойды нақтылай түседі.  Міне, осындай жағдайлардан кейін жас журналистер жектік білім ала алмай, өз орындарынан босап  қалып жатыр. Оны бүгінгі таңдағы теле журналистикасынан көруге болады. Яғни, көптеген бағдарламаларды төрт жыл журналист мамандығын оқуын аяқтаған журналистер емес, бір- екі ай курс оқыған журналистер емденып отыр. Менің ойымша, 1-2 айлық курстағы білім ол- журналистік практиканы, техникасын, монтажын үйренкге болады. Бірақ та, кемел білім алу үшін 1-2 айда үйрену мүмкін емес. Біз универлерде тек журналисттік теорияны ғана емес, сонымен қатар, басқа да пәндерді ала шығамыз.

Өткен  ғасырда Ахмет Байтұрсынов айтқандай « Газет- халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» дегендей қазіргі газеттердің орнын электронды ақпарат құралдары басып отыр. Республикамыз да орыс тілдегі басылымдар, электронды сайттар немесе бағдарламалар қазақ тілінен қарағанда мәселерерді өткірлеу айтатын секілді. Алайда осы тұста қазақ басылымдарын төмен санауға болмайда. Қазіргі таңдағы қазақ басылымдары орыс тілілнен қарағанда басымдырақ түсіп жатыр. Қазақ айтады «Сөз бас жарады, бас жармаса тас жарады». Яғани қазақ БАҚ-құралдарында да демократияның ұшқыны бар десек те болады.

Жұлдызды блогтар