Silkway университетінде "Қазақстан Еріктілері Лигасы" ашылды

Silkway университетінде "Қазақстан Еріктілері Лигасы" ашылды
жеке
блог

“Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы “Ашық жүрек” жобасын іске асыру мақсатында «Silk Way» Халықаралық университетінің белсенділерімен кездесті

   Бүгін, Волонтерлер жылы аясында «Silk Way» Халықаралық университетінің белсенді студенттерінің  қатысуымен “Қазақстан Еріктілер лигасы” қоғамдық қорының бастамасымен бастау алған “Ашық жүрек” жобасын іске асыру мақсатында  «Silk way» Халықаралық университетінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті м.а. директоры Төлебай Бекзат Октябрьұлы мен “Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы өзара ынтымақтастық туралы “МЕМОРАНДУМ” жасасты.

    Жиынға университеттің белсенді жастары, «Ашық жүрек» жобасының қалалық штаб лидері, көшбасшылар қатысты.