Жемісті ұрпақ, жеңіс болмақ! Жолдауда білімге қатысты не айтылды?

Жемісті ұрпақ, жеңіс болмақ! Жолдауда білімге қатысты не айтылды?
жеке
блог

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім күні қарсаңында Қазақстан Халқына Жолдау жасады.

Президент әлемдегі қазіргі жағдай халықаралық күн тәртібін толығымен өзгерткенін атап өтті. Экономика халық үшін әлеуметтік міндеттемелерді қамтамасыз етуге бейімделуі керектігін, қоғам өмірінің негізгі салаларын реформалау жөніндегі кейінгі ұсыныстарды әзірлеу үшін стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылатын болатындығын мәлімдеді.

Қазақстанның жаңа экономикалық дамуындағы негізгі жеті бағытын атап көрсетті. Соның ішінде білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты алдағы уақытта тың көзқарастар мен жаңа тәсілдерді пайдаланып, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып бірқатар маңызды мәселелерді қолға алу керекігін баса айтты.

Білім беру жүйесін жаппай қолдау үшін, бүгінгі жас ұрпақты қалыптастыруда мұғалімнің үлкен рөлі мен негізгі міндеттері талқыланып,  мұғалімдердің жалақысын арттыру керектігін, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 қазақстандық ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлу мәселесі басты назарда болды.

Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту мен ЖОО дипломдарды сату фактілерінің алдын алу үшін жоғары оқу орындарының қызметін бақылау, ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты балғандықтан, тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары дұрыс сақталмай отырған себебін анықтау  міндеті қойылды.  

«Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ» – деді.

Бұл аталған іс-әрекеттердің барлығы қазақстанның жарқын болашағын жасаудағы талпыныс пен ғылым жолындағы жас ғалымдарды ынталандырудағы жаңа тыныс болатындығына сенімім мол.

 

Қайранов Мақсат Абділ-мәлікұлы

Филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты

                                                                                    

Досанова Альбина Маратхановна

Филология және әлем тілдері факультетінің

ҒиҚ жХБ жөніндегі декан орынбасары