«ОҚУ»-да «Қазақстан Еріктілер Лигасы» филиалы ашылды

«ОҚУ»-да «Қазақстан Еріктілер Лигасы» филиалы ашылды
жеке
блог

“Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы “Ашық жүрек” жобасы аясында М.Әуезов атындағы «Оңтүстік Қазақстан Университетінің» ерікті жастарымен кездесті

  Бүгін, Волонтерлер жылы аясында М.Әуезов атындағы «Оңтүстік Қазақстан Университетінің»  белсенді студенттерінің  қатысуымен “Қазақстан Еріктілер лигасы” қоғамдық қорының бастамасымен бастау алған “Ашық жүрек” жобасын іске асыру мақсатында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты  Мажинбеков Сакен Аралбайұлы мен “Қазақстан Еріктілер Лигасы” қоғамдық қорының Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Жүнісбек Ердәулет Асқарұлы өзара ынтымақтастық туралы “МЕМОРАНДУМ” жасасты.

    Жиынға университеттің белсенді жастары, Еріктілер лигасының штаб жетекшісі Искандарова Диана, «Жастар орталығы» директорының орынбасары, студенттік ректор, студенттік декандар және көшбасшылар қатысты.