Теңіз жағасындағы жалғыз емен

Өмір - құдіретті Алланың берген ең ұлы сыйы. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда біз басымыздан небір дүниелерді өткереміз. Бірі - қиындық, бірі- қуаныш. Қуанышты жадырған күлкімен, жайдарлы жүзбенен қарсы алсақ, қиындыққа мықты жігер мен алып күшпен төтеп береміз.

Осыдан жүздеген ғасырлар бұрын "Барсакелмес" деген теңіз болған екен. Бұл теңіздің жағалауын адам аяғы баспаған, тек осы жерді мекен еткен жан-жануарлар мен құстар ғана тіршілік ететін.

Осы заманда  емен ағашы жайқалып өсетін үлкен орман бар еді. Бірақ ағаштар өзара бір-бірімен тартысып, күннің шуағын қызғанатын еді. Емендердің арасында өте кішкентай, жапырақтары да аз, өңі бозарған адамнан аумайтын, өмір сүруге құлшынысы жоқ жуас, бияз мінезді емен бар еді. Басқа ағаштар оны әрдайым мазақ қылып, бойының кішкентайлығын, өздері секілді жайқалып өспегенін айтып, әрдайым көңілін қалдыратын. Кішкентай емен әр түн сайын жылап, өмір сүргісі келмей, күні-түні «осы орыннан құтылсам екен» деп тілейтін. Жайма шуақ бір күні Алып емен ағашы көкірегін аспанға керіп, кішкентай еменге менсінбеген кейіппен қарап:

- Осы сен ағашты түсінбеймін. Не күннің шуағын көрмейсің...Не үшін өмір кешіп жатсың өзі? Саған қарағанда менің бұтақтарым әлдеқайда көп-, деп бейне бір сол ағаш оған өмір сүруге қауіп төндіріп тұрғандай "керілді".

Басқа ағаштарда оны жақтап, Кішкентай еменді тағы да кемсіте бастады. Шыдамаған емен жанарынан жас төгіп:

- Мен сіздерге сонша не жаздым? Сіздер менің отбасымсыздар ғой. Не себептен мені мұнша жек көресіздер, - деп жасын тия алмады.

Алып ағаштардың бірі:

- Сен біз үшін «отбасы» емессің! Бізге сендей ұсқынсыз әрі кіп-кішкентай ағаш керек жоқ,- дегені сол еді, аспан күңгірттеніп, найзағай соға бастады. Бейне бір Алланың қаһары сынды. Кенеттен торнадо басталып, сол мекендегі бар дүние төңкерілді. Жел ағаштарды түп тамырымен жұлып алды, аласапыран болды. Ағаштар жан-жаққа ұшып, өмірлері өлім үстінде болды. Кішкентай емен жеңіл болғандықтан тез ұшып кетті.Торнада біраз уақытқа созылды.

Судың тасқа тиген дауысынан  мазасызданып Кішкентай емен көзін ашты. Мүлдем бейтаныс жер...

- Мен қайдамын?,- деп айналасына көз жүгіртсе, теңіз жағалауында екен. Оның көзінің қарашығы үлкейіп, қорқыныштан көзінен бір тамшы жас ақты. Сол сәтте қарт теңіз тіл қатты:

- Неге жылайсың,уа ағаш? Сен бұл өмірді өзің тіледің емес пе? Қарғыс атқыр өз мекеніңнен тез құтылғың кеп, күні-түні тілеп едің ғой. Ал тілегің қабыл болды. Енді сені ешкім ренжітпейді, біз тату-тәтті өмір сүреміз. Айтпақшы, менің құстарымның айтуынша сені кемсіткен "келемсек" ағаштар қопарылып, солып қапты. Өмір сүрулері аяқталды. Бәрі өз орнына қойылды, алаңдама!

Қарт теңіздің жауабын естіген емен жылап жіберді. Емен теңізге былай тіл қатты:

- Олар маған қанша әлемжеттік көрсетсе де, мен оларды бауырымдай көрдім. Оларды шын жақсы көрдім.

- Сен қызық екенсің...Бәрі өз орнымен...Егер біреу бір жанға жамандық ойлап, қорласа ол өзіне қайтып келіп, үлкен жазаға ие болады."Таяқтың екі ұшы болады" демекші, олар өз істерінің нәтижесін көрді. Ал сен өз ісіңнің...,-деп қарт теңіз үн қатты.

Бұдан кейін жылдар өте берді. Емен ағашы құлпырып, бұтақтарын кең жайып, алып ағаш боп өсті. Қарт теңізбен, құстармен, жануарлармен һәм таулармен тату тәтті күн кешті.

Бұл әңгімеден түйеріміз: «Біреуге өлім тілегенше өзіңе өмір тіле. Қиындыққа күш-жігермен төтеп берсең, қалған өміріңде рахатқа батасың. Ең бастысы, адамды сырт бейнесіне қарап бағалама! Оның ішкі жан-дүниесіңе ғана үніл. Ешқашан мойыма! Сынба! Құлама».

Мерей АУҒАЛИ,

Қ.Сәтбаев 11-сынып оқушысы.

Мұса Шорман ауылы,

Баянауыл ауданы,

Павлодар облысы.



Бөлісу: