жеке
блог

Үйден шықпай қойылым көріп, музей араладым

Коронавирус пандемиясына байланысты әлем елдерінде карантин жарияланды. Аты жаман ауру біздің елде де анықталып, төтенше жағдай енгізілді. ТЖ мен карантин аяқталғаннан кейін елде қайтадан ауру тарап кетті. Сол себептен мемлекет басшысы қатаң карантин енгізген еді, қазір карантин шаралары жеңілдетілген түрде өтуде.

 Міне, короновирус аурының анықталғанына бірнеше уақыт болды. Осы уақытта әр адам денсаулығын сақтап, үйде отбасымен бірге уақыт өткізуде. Олардың бірі – зейіндерін ашып, білім көкжиегін дамытуда, ал енді бірі - телебағдарламалар мен сериалдар көріп, алтын уақытты бос өткізіп жатыр. Қазір уақытымызды тиімді өткізбесек, енді мұндай «мүмкіндік» бола бермейді. Сонымен, карантинде немен шұғылдануға болады?

Ең алдымен қасиетті Құран сүрелерін жаттап, иманды байытқанымыз жөн. Жыл он екі ай дүниелік білімді дамытсақ, енді карантинде діни білімімізді арттыруға талпыну қажетпіз. Біз діни білімді меңгеру арқылы дүниенің терең сырын түсініп, өмірді дұрыс сүруді үйренеміз. Діни білімі бар адам оң мен солын, жаман мен жақсыны ажырата біледі, ізгі қасиеттерді бойына жинайды. Егер мешітке баруға мүмкіндік болмаса, «Асыл арна», «Hikmet.tv» сынды арналарды тамашалап, ҚМБД-ның ресми сайттарын оқу бәрінің қолынан келеді. Рухани жан дүниемізді иман нәрімен сусындатайық!

Ғылым мен техника дамыған сайын біз кітаптан алыстап барамыз. Білімнің қайнар бұлағы – кітап екенін ескергеніміз жөн. Егер қолыңызда оқитын кітап болмаса, ғаламтордан электронды кітаптарды жүктей аласыз. Кітап оқу арқылы сіздің қоршаған ортаға деген көзқарасыңыз өзгереді, ойлау қабілетіңіз дами түседі. Егер де қандай кітапты оқу керек екенін білмесеңіз, «Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап» тізіміндегі кітаптарды оқуға болады. Мен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» және Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» кітаптарын оқуға кеңес беремін. Кітап оқып жарысайық!

Қазіргі уақытта карантинде көптеген онлайн курс өтіп жатыр. Олардың көбі қолжетімді бағада, тіпті, тегін курстар да бар. Үйді отырып-ақ сіз бір саланы аз болса да меңгеруге болады. Мысалға, мен болашақта журналист боламын деп мақсат қойған жанның бірімін. Карантин уақытында журналистика саласы бойынша үш бірдей курсқа қатысыппын. Әлеуметтік желіде онлайн курстар өте көп. Сіз ізденсеңіз ғана мақсатқа жететініңізді ұмытпағайсыз!

Карантин – тіл үйренуге ең қолайлы шақ. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей біз бір тілмен ғана шектелмеуіміз керек. Қазір ағылшын тілі – әлемдік деңгейдегі тіл. Шетелде ғана емес, Қазақстанда да ағылшын тілі қолға алынып жатыр. Елестетіп көрейік, 20-30 жылдан кейін барлық әлем тек ағылшын тілінде сөйлейді. Сол себепті тіл үйренуді бірінші орынға қоюмыз керек. Тілді міндетті түрде мұғаліммен бірге отырып, үйрену қажет деген шарт жоқ. Сіз үйде отырып-ақ қалаған тілді меңгере аласыз. Қазір ғаламторда әр түрлі  YouTube каналдар мен сайттар бар. Тіл үйреніп, әлем мәдениетімен танысыңыз!

Егер де сіз ендігі жылғы түлек болсаңыз, карантинде, каникулда ҰБТ-ге дайындалғаныңыз жөн. Күні бойы қалтафонды шұқылап отырғанша онлайн тест тапсырыңыз.  «Megamozg»,  «іTest» сынды сайттарда тегін тест тапсыруға үлкен мүмкіндік бар.  ҰБТ-дің 100 нұсқасын ВКонтакте әлеуметтік желілерінен алуға болады. Сонымен қатар, YouTube   желісінде тегін сабақтар бар. Мүмкіндік бар да, уақытты босқа жіберме!

Егер сіз көптен бері театрға барғыңыз келіп жүрсе, оны үйден де тамашалауға болады. Ол қалай? Қазір әр театрдың желілерде жеке каналдары бар. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов және Қ.Қуанышбаев атындағы театрдың YouTube каналында  қойылымдары жүктелген. Сонымен қатар, Instagram  әлеуметтік желісінде аталған театрлардың парақшалары бар. Театр парақшаларына жазылу арқылы актерлермен тілдесе аласыз.

Балет, опера және музейді ұнататын қауымға да жағдай жасалған. Сіздер мен ұсынған сайттарға кіріп, музейлер мен операны тегін тамашалай аласыздар. Вена, Амстердамдық Ван Гога музейі, Өнер тарихының мүзейі,  Ватикан мен Сикст капелласының музейі, Нью-Йорк музейіне онлайн экскурсия жасауға болады.

Мінекей, жоғарыда ұсынған дүниелерді карантин уақытында жүзеге асыруға болады. Қазір біздің уақытымыз сырғып ағуда. Адам баласы үшін әр минут, әр секунд маңызды. Алтын уақытты босқа өткізгенше пайдалы іспен айналысыңыз. Біліміңізді арттырып, ойыңызды өзгертіңіз. «Төрт қабырғада қамалып отырмын ғой» деп пайдасыз іспен айналысудың жөні жоқ. Бос уақытты тиімді өткізейік!

Мерей АУҒАЛИ,

Мұса Шорман ауылы,

Баянауыл ауданы,

Павлодар облысы.

 

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі