Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды

Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
жеке
блог

Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов WBS ұйымының "Әлем батыры" марапатына ие болды. “COVID-19” пандемиясының қиын-қыстау кезеңінде біз алдыңғы қатарда жұмыс істеуді жалғастыратын ең батыл ерлеріміздің еңбегін ескеруге шешім қабылдадық"- деді бокс қауымдастығы өкілдері. 

Димаш Ниязов Шымкентте дүниеге келіп, 13 жасында ата-анасымен Америка Құрама Штаттарына көшкен. Ол жергілікті полиция қызметінде жұмыс істейді, сонымен қатар кәсіпқой бокспен айналысады.

2017 жылы Димаш Нью-Йорк полициясындағы қызметі үшін арнайы төсбелгіні алды. Ол бокстағы көптеген беделді кубоктардың иегері және "Нью-Уорктегі ең үздік полиция офицері" атағына ие болды.