Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Қазақ және жапон әйелдерін не байланыстырады?"

"Қазақ және жапон әйелдерін не байланыстырады?"

Қыз ғұмыры қашанда, қай ғасырда да оңай болмаған. Кейінге шегініп, тарихқа үңіліп қарасақта, бұл тұжырымға көз жеткізуге болады. Әрбір елде әйел теңдігі мен әйел адамның орны сол елдің салт-дәстүрі мен мәдени, діни-наным сенімдеріне тікелей байланысты болары сөзсіз. Дөңгеленген дүние күннен-күнге көз ілестірмей қарыштап дамып, түрліше өзгергенімен, әйел адамның тағдырына өз ықпалын тигізбей қоймайды.Себебі қоғамдық қатынастар әйел адамның өмірімен байланысты. Қазіргі таңда көпшілігі батыс әйелі мен шығыс әйелін таразыға қатар қойып, үнемі салыстырып жүретіні сіз бен бізге мәлім, әрине, бұл салыстыруда пікірлер екіге  жарылатыны анық. Ал, жапон әйелі  мен қазақ әйелін салыстырып көрдіңізбе?! Бәлкім,оларды салыстыру ойыңызға да келмеген болар. Онда Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты, мәдениеттанушы Назым Басқынбаеваның пікірі қызығушылық тудырар. Ол арнайы күншығыс еліне сапар шегіп, зерттеу жұмысын жүргізген болатын.Ғылыми ізденістер мен қазақ-жапон әйелдерінін ұқсастықтары жайлы білу үшін сұхбаттасқанды жөн көрдік.

-Сәлеметсізбе? Назым Қарабайқызы, Жапонияға қашан және не үшін бардыңыз?

-Сәлеметсізбе, күншығыс еліне биылғы жылдың ақпан айында жол түсті. Мен Ұлттық Университеттің докторанты әрі «Қоғамдық сананың модернизациясы үшін символдардың атқаратын рөлі» атты ғылыми жобаның ізденушісімін. Осы жоба аясында ғылыми жетекшім, философия ғылымдарының докторыӘлия Масалимовамен  бірге Жапонияға аттандық. Бірнеше білім және ғылым ордаларында болып, мамандармен сұхбаттасып, өзіміздің ізденіп жүрген тақырыптарымыз жөнінде баяндамада жасадық.Шығысымызда орналасқан Қытай, Корея, Тайланд, Вьетнам сияқты елдермен Қазақстан тығыз қарым-қатынас, туристік байланыс орнатқан, ал Жапония – әлі де болса бейтаныс ел. Күткенімдей, бұл сапар мүлдем өзгеше өтті, жаңаәлемді тануға арналды.

-Жапония қандай ерекшеліктерімен сізді баурады және жапон әйелдерін зерттеу арқылы нені білдіңіз?

-Жапондықтардыңөмір сүру деңгейі өте жоғары.Олардың тауар сапасына ерекше талап қоюы, адамдарының мәдениеттілігі, қоршаған орта мен өзіне деген қарым-қатынасы, тазалық пен тәртіпті бірінші орынға қоюы, тіпті ең ақырғысы қоғамдық дәретханаларының өзін соңғы технологиямен жабдықтап, мұнтаздай қалпында сақтай алуы осы ел жайлы көптеген нәрсені айқындаса керек. Алайда мен үшін ең қызықты әрі маңызды болған дүние оләйел адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қоғамдағы рөлі, дәстүрлі және заманауи жапон мәдениетіндегі  нәзік жандылардың орны. Осы тақырып төңірегінде кішігірім зерттеу жұмысын да жүргізіп үлгердім.Біз Цукуба, Токай, Сога және Осака университеттерінде, Шығыс философиясы институтында және Орта Азия елдерін зерттеу орталығында болдық. Әйел тақырыбына келген кезде,барлығы бір ауыздан профессорлық-оқытушылық құрамның 30% әйел адамдар екенін атап өтіп, мұны үлкен жетістік деп мақтан етті. Біздің елде бұл көрсеткіш әлдеқашан  50 %-дан асып, керісінше,  ерадамдардың дәріс беруі мен сабақ өткізуі бүгінгі таңда тапшылыққа айналып отырғанын жасырмадық. Жапониядағы университеттердің бірде-бірін әйел адам басқармайды, әйел ректор деген тарихта болған емес, кейбір оқу орындарында декандардың арасыннан да әйел адамдарды мүлдем кездестірмейсіз.Бұл жағынан да біз көш ілгері кетіп қалыппыз.

-Қазақ және жапон әйелдерінің бір-бірімен ұқсастығы қандай?

-Феодалдық қоғамның жемісі болып табылатын қазақ және жапон елінің бір-біріне ұқсас тұстары өте көп. Ер адам түздің, ал әйел адам үй шаруасына жауап беретін патриархалды қоғам және үш ұрпақтың өкілдері бір шаңырақтың астында тұруға тиіс нуклеарлық отбасы, салт-дәстүр мен ырым-тиымдардың беріктігі,және сол арқылы тіл мен тектің  тазалығын сақтап қалуға деген ұмтылыс секілді бірқатар факторларөте ұқсас. Дегенмен, бізге Кеңес үкіметінің орнауы, ал Жапонияда «мейдзи» дәуірінің басталуы баршаға бірдей білім алу мүмкіндігін сыйлады. Кеңес үкіметі кезінде әйел адамдарды оқыту мен оларды еңбекке тарту жұмыс күшінің жетіспеушілігіне байланысты туындаған болса, күншығыс елі бірінші кезекте келешек ұрпақтың тәрбиесі мен білімін көздеген еді. Мейдзи дәуірі Жапонияға ерекше бір серпіліс берді. Жапон әйелдерітерең білім алып, ол білімді өз балаларының тәрбиесіне жұмсауы елге экономикалық даму мен ғылыми-техникалық прогресс сыйлады. Жапонияның бүгінгі дәрежеге жетіп, қарыштауының негізгі факторы –көзі ашық әйел адамдар.

-Бүгінгі таңдағы жапон әйелінің бейнесі қандай?

-Қазіргі жапон мәдениетінде «ресайкэмбо» деген түсінік бар, ол «жақсы жар және ақылды ана» деген ұғымды білдіреді, яғни әйел адам тек үй шаруасын  ұршықтай иіріп ғана қоймай, келер ұрпағына сапалы білім беруі керек. «Ресайкэмбо» бола алу үшін әйелдерқызмет пен мансапты құрбан етуге тиіс еді. Заманнның дамуына байланысты, жапон әйелдерінің де қоғамдағы, отбасындағы жағдайы өзгерістерге ұшырамай қоймады, оған қоса талаптары да күшейді. Бүгінгі таңда жұмысын жалғастырып немесе мансабын отбасы құрудан да маңызды деп ойлайтын әйелдер саны күрт өскен. «Тайсе» дәуірі арулардың іскерлік қасиетін қолдап, олардың бизнеспен, жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануына жол ашты.Аталмыш дәуір кезінде «careerwoman»(мансапқұмар әйел) деген ұғым қалыптасып,бүгінде жапон елі демографиялық дағдарысқа тап болды.Білім алған жапон әйелдері көп жағдайда 30, тіпті 35 жасқа дейін отбасы құруға асықпайды. Олар оқуын аяқтап, жұмысқа тұрып, сол қызметте белгілі бір жетістікке жетіп барып қана жанұя құруға ниеттенеді. Дәстүрлі мәдениетте міндет саналған ата-енемен бірге тұру, жұбайының тегін қабылдау сынды құбылыстар сиреп бара жатыр. Мысалға, мен сұхбаттасқан жандардың бірі, Осака университетінің оқытушысы Нами Одагири деген ғалым «тұрмысқа тым ерте шықтым» деп күлді, ерте дегені 27 жасында жар атанғаны. Бірақ содан бері өткен 10 жыл ішінде бала көтермеген.Оқуын аяқтап, докторлық дессертациясын қорғап, оқытушылық қызметін бастаған Нами-сан енді ғана ұрпақ жалғастыру туралы ойланатын сыңайлы. Міне, осыған қарап жапон әйелінің бүгінгі бейнесін көруге болады.

-Жапон әйелдерінің тұрмысқа асықпауына не себеп?

-Үйлену, жеке шаңырақ боп тұру өте қымбатқа соғады. Жастардың көбісі ата-ананың қамқорлығында жүре беруді қалайды. Экономикалық инфантилизм.Екіншіден,  отбасы мен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндігінің төмендігі. Тұрмысқа шыққаннан соң 53% нәзік жандылар өзінің мансап жолын жалғастырады екен, ал қалғандары қызметін түбегейлі тоқтатып, бар уақытын жанұясына арнайды.Сол себепті әйел адамдар отбасылы болуға асықпайды. Сөзімді дәлелдей түсу үшін бір ғана факт келтірейін.Жапонияда басқарушы қызметтегі әйел адамдардың  үлес салмағы  небәрі 13%, Қазақстанда бұл көрсеткіш 39,5%-ға тең, яғни еліміздегі 24209 бастықтың 9569-ы әйел адам. Бұл жағынан да біздің гендерлік саясаттағы жетістігіміз көрініп тұр.

-Дәстүрлі жапон мәдениетіндегі қыз бен қазақ қызын не байланыстырады?

-Дәстүрлі жапон мәдениетінде қызбала үшін қалың мал төленетін болған, ол «юино» деп аталған.Сәйкесінше қыздың ата-анасы жасауын жасап, яғни «юмеиру дога» беріп, қайын жұртқа аттандыратын. Дәл осы салт-дәстүр бізге өте жақын екенін аңғаруға болады. Бірақ бүгінгі күнде бұл үрдістен заманауи жапон қыздары ақырындап бас тартып жатыр. Қалыңмал мен жасау беру тек ауыл-аймақтар мен Нагоя префектурасында сақталған екен,  ал үлкен мегаполистерде аталмыш дәстүрді сирек кездестіресіз. Жастардың шаңырақ көтеруі ертеректе құдаласу салты арқылы жүзеге асатын. «Накодо» деп аталатын арнайы елшілер екі жақты бір-біріне таныстырып, күйеу жігіт пен ұалыңдық арасында сөз байланыстырған. Қазіргі таңда жастар бір-бірімен танысып, махаббат сезімі пайда болғанда ғана үйленгенді қалайды. Жапон қоғамында жаханданудың терең тамыр жайғаны, қоғамның көз ілестірмей дамуы әйел адамдарды бейбіт, білімді, тәкәппар жандарға айналдырғанымен, жапон әйелдері әлі күнге дейін иіліп күйеуін шығарып салу, қарсы алу дәстүрін жалғастырып келуде. Жаңа дәуірдің даму талабына сай, жапон әйелдері өзгеріске ұшырағанымен, ұлттық сана мен ана тілге деген құрмет шексіз, бұл жапон әйелінің артықшылығы болып табылады.

 

-Танымдық сұхбатыңызға бек рахмет, еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

 

Жайна Мәлімқожа

 

 

 

 

 

 

 

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 05 мамыр, 17:14
Тегтер: НазымБасқынбаева журналистика ЖайнаМәлімқожа Жапония

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->